Жаңалықтар

Каспий жағалауынан бір ай ішінде 2 мыңға жуық итбалықтың өлексесі табылды

Каспий жағалауынан бір ай ішінде 2 мыңға жуық итбалықтың өлексесі табылды
Фото: Балық шаруашылығы комитеті 20.11.2024 13:23 387

Бір ай аралығында Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының қызметкерлері Каспий теңізінің жағалауына мониторинг жүргізу барысында Маңғыстау облысы Түпқараған ауданы аумағынан 1155 итбалықтың өлексесін тапты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Инспекция өкілдер 18 қараша күні комиссияның қатысуымен Маңғыстау облысы жағалауы – Құлалы, Морской, Подгорный, Новый аралдары, сондай-ақ Қаражанбас пен Қаламқас аудандарына әуе бақылауы жүргізілді. Зерттеу нәтижесінде аталған аумақтан тағы 834 итбалықтың өлексесі табылғанын мәлімдеді.

Визуалды тексеру кезінде барлық өлекселердің қатты шірігені анықталды, сондықтан патологиялық материал алу мүмкін болмады. Осылайша, 2024 жылдың 24 қазаны мен 18 қарашасы аралығында барлығы 1989 итбалықтың өлексесі табылған, – дейді инспекция.

Балық шаруашылығы комитетінің өкілдері итбалықтардың қырылу себептері табиғи құбылыстар – су астындағы жер сілкіністерінен туындаған табиғи газдардың бөлінуі болуы мүмкін екенін айтты.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға