Жаңалықтар

Каспий жағалауынан 90-ға жуық итбалықтың өлексесі табылды

Каспий жағалауынан 90-ға жуық итбалықтың өлексесі табылды
Фото: Балық шаруашылығы комитеті 01.05.2025 20:04 288

Қызыл кітапқа енген жануарлардың қырылу фактісін Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының қызметкерлері анықтаған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Балық шаруашылығы комитетінің ақпаратынша, Маңғыстау облысының Түпқараған ауданындағы Каспий теңізінің жағалауына мониторинг жүргізу барысында жағалауға шығып қалған 88 итбалық ұшасы табылған. Анықталған жерге инспекция, әкімдік және Гидробиология және экология институтының өкілдері барған. Аталған фактіге қатысты Маңғыстау облысы Түпқараған ауданының полиция бөлімінде қызыл кітапқа енген жануарлардың қырылуы дерегі тіркелді.

Қазгидрометтің мәліметінше, өткен кезеңде аймақтың су аймағында батыс жақтан жел басым болып, қырылған итбалықтар жағаға шығып қалған.

Гидробиология және экология институты мәліметі бойынша, қырылған жануарлар ыдыраудың аса жоғары сатысында, бұл токсикологиялық және патологиялық анализдерді қоса алғанда, әрі қарай зертханалық зерттеулер үшін сапалы сынама алу мүмкін емес.

Жануарлардың болжамды қырылуынан кейінгі айтарлықтай уақытқа (2-3 апта) байланысты қазіргі уақытта су жануарларының қырылу себептерін анықтау қиын. Санитарлық нормаларды сақтай отырып, жергілікті атқарушы органның және инспекцияның күшімен Түпқараған ауданының полигонында ұшаларды жинау, тасымалдау және жою жұмыстары жүргізілді. Каспий теңізінің жағалау белдеуінің мониторингі жалғасуда, итбалықтардың қырылу  дерегі бойынша жағдай ҚР АШМ Балық шаруашылығы комитетінің бақылауында,-делінген ведомство мәліметінде.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға