Каспий теңізінде жоғалып кеткен ер адамның денесі табылды

Фото: Қарақия ауданы әкімдігі
Фото: Қарақия ауданы әкімдігі
02.08.2023 23:22
1461
Бірнеше күн Каспий теңізінде 36 жастағы ер адам жоғалған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Маңғыстау облыстық ТЖД мәліметінше, 1 тамызда оның денесін балықшылар тапқан.
Іздестіру-құтқару жұмыстарына аудандық ТЖ бөлімінің қызметкерлері, еріктілер, жергілікті тұрғындар, балықшылар және хабар-ошарсыз кеткен адамның туыстары жұмылдырылды.
30 шілдеден бастап Каспий теңізінің жағалауындағы Құрық ауылынан 7 км қашықтықта ТЖД Жедел-құтқару жасағының күшімен балық аулау кезінде жоғалып кеткен 1987 жылы туған азаматты іздеу жұмыстары жүргізілді. Ер адамның мәйітін 1 тамызда шамамен 11:50-де жергілікті балықшылар тапты, - делінген мәліметте.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Найзағай түскен: Қарағанды облысында шөп өртенді
Келесі жаңалық
Ербол Мырзабосынов ресейлік әріптесімен кездесті