Каспий теңізінде қайықта қалған үш адам жағаға жеткізілді

Фото: Бейнежазбадан скриншот
Фото: Бейнежазбадан скриншот
08.07.2024 05:32
829
Ақтауда қайықпен теңізге шыққан үш адам құтқарылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ақтау қаласында ТЖД қызметкерлері Каспий теңізінің жағалауынан 2 шақырым қашықтыққа қайықпен жүзіп кеткен 20-25 жас аралығындағы 3 ер адамды құтқарып қалды.
Оқиға кезінде ТЖД қызметкерлері оларды жағалауға жеткізді. Қайықтағы азаматтар жүзу құралының қозғалтқышының ақаулығынан жағаға қайтып келе алмаған. Құтқарылған адамдарға медициналық көмек қажет болмаған.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Алматыда дзюдо төрешілері халықаралық емтихан тапсырды