Жаңалықтар

Каспий теңізінде екі рет жер сілкінді

Каспий теңізінде екі рет жер сілкінді
Фото: ©El.kz/Ербол БЕКБОЛАТ/DALL-E-3 19.10.2024 19:00 754

Жер сілкіністері бір-біріне жақын жеті сағаттық айырмашылықпен тіркелді, деп хабарлайды lada.kz-ке сілтеме жасап El.kz ақпарат агенттігі.

Әзербайжан Ұлттық ғылым академиясының республикалық сейсмологиялық қызмет орталығының мәліметінше, магнитудасы 3,1 болатын алғашқы жер сілкінісі 19 қазанға қараған түні таңғы сағат 02:02-де тіркелген. Ал екінші жер асты дүмпудің де магнитудасы - 3,1,  түскі сағат 11:39-да болған. 

Мамандардың айтуынша, екі жер сілкінісінің де ошағы 68 шақырым тереңдікте жатыр.

Бірінші эпицентрдің координаттары – 40°35′24 с.е, 51°40′48 ш.б. Екіншісі – 40°26′24 с.е, 51°55′48 ш.б.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға