Жаңалықтар

Каспий теңізінде екі адам құтқарылды

Каспий теңізінде екі адам құтқарылды
Фото: ҚР ТЖМ 11.06.2024 09:06 235

Маңғыстау облысында теңізге барған екі ер адам құтқарылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ТЖМ мәліметінше, 10 маусым күні түнде 1998 және 1996 жылдары туған екі жергілікті тұрғын sup board пен сырғанауға теңізге барған болатын.

Ағын жастарды теңізге алып кеткен еді. Іздестіру жұмыстары 8 сағатқа созылды. Құтқарушылардан бөлек, әскери теңізшілер де тартылды, олар таңертең ерте жағалаудан 5 шақырым жерде Көгілдір айлақ аумағында жоғалған адамдарды тапты, - делінген мәліметте.

Ер адамдардың жағдайы тұрақты. Олар Ақтау портына жеткізіліп, медициналық көмек көрсетілді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға