Каспий теңізінде бесінші рет жер сілкінді

Фото: Leonardo.AI
Фото: Leonardo.AI
08.02.2025 11:36
591
Каспий теңізінде бесінші жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Әзербайжан Ұлттық ғылым академиясы (ҰҒА) жанындағы Республикалық сейсмологиялық барлау орталығының сейсмографтарының мәліметінше, жер сілкінісі кеше, 7 ақпанда жергілікті уақыт бойынша сағат 04.17-де болған.
Оның ошағы 39 шақырым тереңдікте орналасқан. Магнитудасы – 3,1 балл.
Зілзала ошағынан Ақтауға дейінгі қашықтық шамамен 326 шақырым.
Координаттары: 40°45′36″ солтүстік ендік, 51°36′0″ шығыс бойлық.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Олжас Бектенов Қосшының бас жоспарымен танысты
Келесі жаңалық
Былтыр елімізде 123,6 мың жұп неке қидырған