Жаңалықтар

"Каспий" мен "Атырау" клубтарына айыппұл салынды

"Каспий" мен "Атырау" клубтарына айыппұл салынды
Фото: "Каспий" футбол клубының парақшасынан алынды 26.08.2023 15:49 913

Қазақстан футбол федерациясы матч кезінде жанкүйерлердің орынсыз шектен шыққан әрекеті үшін "Атырау" және "Каспий" клубтарына айыппұл салды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Қазақстан футбол федерациясының Бақылау-тәртіптік комитетінің кезекті отырысы кезінде командалар өткен кезеңде жіберген барлық бұзушылықтар қаралп, бірқатар шешімдер шығарды. 

Жанкүйерлердің мінез-құлқы үшін жауапкершілікке "Атырау" және "Каспий" футбол клубтары тартылған. Мәселен "Каспий" жанкүйерлері "Қызылжармен" ойын барысында кездесудің ресми тұлғаларының материалдарын алды. Сонымен қатар, ойын кезінде алаңда пластикалық бөтелкелер, қақпақтар мен дәретхана қағазының орамдары ұшып жүрген. Матч аяқталғаннан кейін жанкүйерлер алаңға жүгіргені тағы бар. Бұған да ережемен тыйым салынған. Жанкүйерлердің орынсыз әрекеті үшін клуб басшылығы 150 АЕК айыппұл төлеу міндеттелді. 

"Атырау" жанкүйерлері "Оңтүстік академиясымен" кездесуде қарсыластарына дөрекі сөздер айтқаны үшін 22 АЕК көлемінде айыппұл салынды. 

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға