Каспий итбалығының қауіпсіздігі үшін табиғи резерват құрылады

Фото: © Pixabay.com
Фото: © Pixabay.com
09.11.2023 14:00
895
Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев елімізде балық шаруашылығын дамытудың 2021-2030 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру туралы айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ведомство басшысы президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың саланы дамыту бойынша берген тапсырмаларын орындау бойынша қабылданған шаралар туралы хабардар етті.
Соның бірі – Каспий итбалығының популяциясын сақтау. Бұл ретте министр Маңғыстау облысында мемлекеттік табиғи резерват құруды жеделдетуге қатысты 2023 жылғы сәуірде жаратылыстану-ғылыми негіздеме бекітілгенін жеткізді. Оның айтуынша, қазіргі уақытта техника-экономикалық негіздеме дайындалып жатыр.
Резерват 2024 жылғы маусымда құрылады.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Павлодарда жол апаты болып, салдарынан 2 адам көз жұмды
Келесі жаңалық
Ақтөбе облысындағы ауданда мектеп пен балабақша жөнделді