«Каспий» футбол клубына бөлінген 27 млн теңге жымқырылған

Фото: ©El.kz/Ербол БЕКБОЛАТ/Midjourney
Фото: ©El.kz/Ербол БЕКБОЛАТ/Midjourney
04.12.2024 09:50
347
Маңғыстау облысының прокуратурасымен «Каспий» футбол клубында оқу-жаттығу жиындарына бөлінген 27 млн теңгеден астам қаражат жымқырылғаны анықталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Прокуратура мәліметінше, облыстың сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі ҰҚКД-мен бірлесіп осы фактіні тергеу барысында, клубтың бұрынғы басшысы өзінің 2 танысымен бірге, күш қолдану арқылы клубтың қызметкерін айғақтарды өзгертуге мәжбүрлегені белгілі болды.
Сонымен қатар соңғыдан 15 млн теңге қорқытып алуға әрекеттенген. 3.12.2024 ж. футбол клубының экс-басшысын, «К» және «О» азаматтарын қамауға алуға санкция берілді, - делінген мәліметте.
Басқа мәліметтер тергеу мүддесі үшін жария етілмейді.
Бөлісу:

Келесі жаңалық
Ақтөбе облысындағы ауданда мектеп пен балабақша жөнделді