Жаңалықтар

Кәсіпкер Қайрат Боранбаев 8 жылға сотталды

Кәсіпкер Қайрат Боранбаев 8 жылға сотталды
Фото: instagram.com/kairat4 31.03.2023 17:39 1345

Белгілі кәсіпкер Қайрат Боранбаев 8 жылға сотталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Астанадағы Сарыарқа сотында үкімді судья Назгүл Бапақова оқыды.

ҚР Қылмыстық кодексі 58-бабының 3-бөлігіне сәйкес Боранбаев, Нахановтың мүлкін тәркілеп, 8 жылға бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалсын. Олар өмір бойы мемлекеттік қызметте, сотта, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында, Ұлттық банк пен оған қарасты ведомстволарда, Қаржы нарығын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органда қызмет атқару құқығынан айрылсын. Сонымен қатар, қаржы ұйымдарында, мемлекеттік ұйымдарда, квазимемлекеттік сектор субъектілерінде қызмет етуге де тыйым салынады, - деді судья Назгүл Бапақова.

Айта кетейік, Қаржы мониторинг агенттігінің тергеуінен соң Қайрат Боранбаевқа тиеслі «АзияГазЧунджа» компаниясының активтері бұғатталды.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға