Жаңалықтар

Кәсіпкер Мұратхан Тоқмәди бостандыққа шықты

Кәсіпкер Мұратхан Тоқмәди бостандыққа шықты
Фото: djamilyatokmadi/instagram 09.08.2024 16:15 953

Ержан Тәтішевті өлтірді деп сотталған Мұратхан Тоқмәдиге қатысты сот оның мерзімінен бұрын шартты түрде босату туралы өтінішін қанағаттандырды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қонаев қалалық сотының 2024 жылғы 26 шілдедегі шешімімен М.Тоқмәдидің мерзімінен бұрын  шартты түрде босату туралы өтініші қанағаттандырылды, - делінген Алматы облысының сот хабарламасында.

Еске салайық, 2007 жылы Тоқмәди Тәтішевтің абайсызда қаза тапқаны үшін рақымшылық жасау жазасынан босатыла отырып, бір жылға бас бостандығынан айырылған еді. 

2017 жылы сот Тоқмәдиді бопсалау және қаруды заңсыз сатып алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүргені үшін кінәлі деп тауып, үш жылға бас бостандығынан айырды.

2018 жылдың наурыз айында Ержан Тәтішевті өлтіргені үшін Мұратхан Тоқмәди он жарым жылға сотталды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға