Кәріз құбырынан шала туған ер баланың мәйіті табылды

Фото: Pixabay.com
Фото: Pixabay.com
25.04.2023 11:14
644
Павлодар қаласында кәріз құбырынан шала туған ер баланың мәйіті табылды El.kz ақпарат агенттігі.
Polisia.kz-тің мәліметінше, 20 сәуір сағат 18.15 шамасында Бакинская көшесінде үйдің жертөледегі кәріз құбырын тазалау кезінде шала туған ер баланың мәйіті табылды.
ҚР ҚК 100-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды.
Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына, ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, сот үкімі заңды күшіне енгенге дейін қылмыс жасағаны үшін кінәсіз деп саналады.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Оралда қоқыс жәшігінен жаңа туған нәресте табылды
Келесі жаңалық
«Таза Қазақстан»: Шымкентте ауқымды сенбілік өтті