Жаңалықтар

Кәрім Мәсімовтің үйі әлеуметтік қажеттіліктер үшін пайдалануға беріледі

Кәрім Мәсімовтің үйі әлеуметтік қажеттіліктер үшін пайдалануға беріледі
Фото: Ашық дереккөзден 29.04.2025 04:33 265

ҰҚК бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімовтің үйі қаланың әлеуметтік қажеттіліктеріне пайдалануға беріледі, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Астана қаласының әкімдігі Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімовке тиесілі болған зәулім үйді "Қайтарылған активтерді басқару компаниясына" беру туралы ресми түрде өтініш білдірді.

Аталған үй бастапқыда сауда-саттық арқылы сатылымға шығарылған болатын. Оның бастапқы бағасы 1,6 млрд теңге деп бағаланған. Алайда қазіргі уақытта үй сауда-саттықтан алынып, мемлекеттік қажетілікке пайдалануға берілу туралы шешім қабылданды.

Бұл активтерді басқаратын "Қайтарылған активтерді басқару компаниясы" 2023 жылы құрылған болатын. Оның негізгі міндеті — сыбайлас жемқорлық және заңсыз жолмен алынған мүліктерді мемлекет меншігіне қайтарып, оларды тиімді басқарып, сатудан түскен қаражатты мемлекеттік бюджетке аудару.

Әкімдік мәліметінше, үй енді қаланың әлеуметтік мақсаттағы жобаларына — білім, денсаулық сақтау немесе қоғамдық қажеттіліктерге қолданылады. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға