Жаңалықтар

Кәрім Мәсімовтің экс-күйеубаласына іздеу жарияланды

Кәрім Мәсімовтің экс-күйеубаласына іздеу жарияланды
Фото: qamqor.gov.kz 14.08.2024 12:19 1201

ҰҚК экс-төрағасы Кәрім Мәсімовтің бұрынғы күйеубаласы Азамат Кәпеновке іздеу жарияланды,  деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы ақпарат Құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарының порталында жарияланды. 

Азамат Кәпеновке 9 тамыздан бері іздеу жарияланған. Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті  іздестіруді жүргізетін орган ретіндже көрсетіліп отыр.

46 жастағы Кәрімовтің бұрынғы күйеубаласы «Қазтеміртранс» АҚ операция және логистика жөніндегі бұрынғы вице-президенті. Ол Мәсімовтің қызы Тамилла Кәрімнің бұрынғы күйеуі.   

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға