Жаңалықтар

Кәрім Мәсімовке қатысты сот процесі басталды

биыл 6 қаңтарда Кәрім Мәсімов ҰҚК төрағасы лауазымынан босатылды.
Кәрім Мәсімовке қатысты сот процесі басталды
Фото: baq.kz 19.11.2022 00:11 1405

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімовтің ісіне қатысты сот басталды, деп хабарлайды El.kz Астана қалалық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«2022 жылғы 18 қарашада Кәрім Мәсімовтің ісіне қатысты сот басталды», - дейді елорда сотынан.

Еске сала кетсек, биыл 6 қаңтарда Кәрім Мәсімов ҰҚК төрағасы лауазымынан босатылды.

Сол күні Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 175-бабы 1-бөлігімен мемлекетке сатқындық фактісі бойынша К.Мәсімовке қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды.

Сондай-ақ 6 қаңтар күні қылмысты жасады деген күдікпен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы К.Мәсімов, ҰҚК төрағасының бұрынғы орынбасары – «А» арнайы мақсаттағы қызметінің бастығы А.Садықұлов пен ҰҚК төрағасының бұрынғы орынбасары Д. Ерғожин ұсталды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға