Жаңалықтар

Кәрім Мәсімов президенттен кешірім сұрады

Кәрім Мәсімов президенттен кешірім сұрады
Фото: Астана әкімдігінің баспасөз қызметі 10.06.2024 10:26 1452

Кәрім Мәсімов президент Қасым-Жомарт Тоқаевтан кешірім сұрады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі informburo.kz сайтына сілтеме жасап.

Мемлекетке опасыздық жасағаны және билікті басып алуға тырысқаны үшін сотталған ҰҚК-нің бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімов кешірім жасау туралы өтініш білдірді. 

Қазіргі таңда Кәрім Мәсімов Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қаулысы негізінде Астанадағы ҰҚК тергеу изоляторында отыр.

Шынында да, осы мекемеден ол 2024 жылдың наурыз айында Қазақстан Республикасы Президентінің атына кешірім жасау туралы өтініш жолдады, – деп хабарлады ҰҚК.

Айта кетейік, былтыр 23 сәуірде ҰҚК бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімов 18 жылға сотталған еді. Үкімді Астананың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты шығарған.

Оның мүлкі тәркіленіп, өмір бойы мемлекеттік қызметпен айналысуына тыйым салынды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға