Жаңалықтар

Кәрім Мәсімов 18 жылға сотталды

Кәрім Мәсімов 18 жылға сотталды
Фото: Әлеуметтік желіден 24.04.2023 18:35 1538

ҰҚК бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімов 18 жылға сотталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Сондай-ақ оның мүлкі тәркіленіп, өмір бойына мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылды.

Мәсімовтің орынбасарлары да 3 жылдан 16 жылға дейін сотталды: Ануар Садықұлов 16 жылға, Дәулет Ерғожин 15 жылға сотталды, ол өмір бойына мемлекеттік қызметте жұмыс істей алмайды. Ал Марат Өсіпов 3 жылға бас бостандығынан айырылды.

Кәрім Мәсімов пен А.Садықұлов мемлекетке опасыздық жасады (ҚК 175-бабының 1-бөлігі), ҚР-да билікті күшпен басып алды (ҚК 179-бабының 3-бөлігі) және билік пен лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдаланды (ҚК 362-бабының 4-бөлігі 3-тармағы) деп айыпталды. Д.Ерғожинге ҚР-да билікті күшпен басып алақ болды (ҚК 179-бабының 3-бөлігі) және билік пен лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдаланды деген (ҚК 362-бабының 4-бөлігі 3-тармағы) айып тағылды. Ал М.Осиповке билік пен лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдаланды деген айып тағылды (ҚК 362-бабының 3-бөлігі).

Сот мәліметінше, Мәсімов пен оның көмекшілерінің ісі бойынша мемлекетке 10 миллиард теңге және 24 миллион доллардан астам қаражат қайтарылған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға