Жаңалықтар

Карим Бенземаның Сауд Арабиясында қанша жалақы алатыны анықталды

Карим Бенземаның Сауд Арабиясында қанша жалақы алатыны анықталды
Фото: instagram.com/karimbenzema 15.06.2023 21:47 866

FootMercato порталы француз футболшысы Карим Бензема Сауд Арабиясының «Әл-Иттихад» клубында қанша ақша табыс табатынын хабарлады, деп жазады El.kz ақпарат агенттігі.

Басылымның мәліметінше, Бенземаның клубтағы жалақысы жылына 30 миллион долларды құрайды. Бұған футболшының суретін қолдану құқығы қосылмаған. Келісімшарт үш маусымға жасалған болатын.

Бұған дейін Бензема 2009 жылдан бері «Реал Мадридте» ойнады.

Карим – «Алтын доптың» қазіргі иегері. Ол өз мансабында француздың «Лион» клубында да өнер көрсеткен.

Ұлттық құрама команда сапында 2007-2022 жылдар аралығында алаңға шығып, 97 матчта 37 гол соқты. Желтоқсан айында ұлттық құрамадағы мансабын аяқтайтынын жариялады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға