Жаңалықтар

Карим Бензема «Әл-Иттихад» ойыншысы атанды

Карим Бензема «Әл-Иттихад» ойыншысы атанды
Фото: ©twitter.com/realmadrid 05.06.2023 17:36 1454

«Реал Мадридтен» кеткен Карим Бензема Сауд Арабиясының «Әл-Иттихад» клубына ауысу үшін негізгі құжаттарға қол қойды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Бұл туралы тілші Фабрицио Романо айтты.

Карим Бензема Сауд Арабиясының лигасында өнер көрсететін «Әл-Иттихад» ойыншысы атану үшін құжаттардың негізгі бөлігіне қол қойды. Келісімшарт 2025 жылға дейін жасалған. Маусым соңында созу мәселесі қарастырылған. Карим Мадрид жанкүйерлерімен қоштасып, Сауд Арабиясына аттанады, - деді дереккөз.

Бұған дейін Бенземаның екі жылда 200 млн доллар табатыны айтылған.

Бензема «Реал» сапына 2009 жылы қосылды. Биылғы Ла лига маусымында ол 23 матчта 18 гол соғып, үш нәтижелі пас берді.

Карим – «Алтын доп» иесі.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға