Жаңалықтар

Кардиолог Юрий Пя донор болудан азаматтардың неліктен бас тартатынын түсіндірді

Кардиолог Юрий Пя донор болудан азаматтардың неліктен бас тартатынын түсіндірді
Фото: ©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ 23.07.2024 17:04 726

Астанада LVAD HeartMate III жүректің сол жақ қарыншасының көмекші құрылғысын алғашқы имплантациялаудың 10 жылдығына арналған баспасөз мәслихаты өтті. Жиында кардиолог Юрий Пя «трансплантациялауға көпір» ретінде қолданылып, пациенттердің өмір сүру сапасын жақсартуға көмектесетін құрылғы туралы айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Айта кетсек, HeartMate III - қан айналымын механикалық қолдауды қамтамасыз ететін құрылғы.

Бүгін құрылғының қолданысқа енгеніне 10 жыл толды. Бұл - ешқандай аналогы, баламасы жоқ теңдессіз құрылғы. Донорлардың аздығын байқатпай, адамның өмірін арашалап қалатын таптырмас құрал. Бүгінде елімізде шамамен 500 науқас бұл бағдарламаға қатысу мүмкіндігіне ие болып отыр, - деп түсіндірді University Medical Center басқарма төрағасы Юрий Пя.

Кардиолог Юрий Пя донор болудан азаматтардың неліктен бас тартатынын түсіндірді

Фото: ©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ

Кардиологтың айтуынша, Қазақстан осындай клиникалық зерттеу жүргізген 5 елдің қатарына енді. Ол Австралия, Австрия, Германия, Чехия елдерімен бір қатарда тұру еліміз үшін үлкен мәртебе деп сендірді. Ең алғаш 2018 жылы науқасқа толықтай имплантацияланған жүйе орнатылды.

Қазақстан зерттеу жұмыстарын алғашқылардың бірі болып бастап кетті. Зерттеу мәресіне жеткенде құрылғыны қолданып бастаған да -  Қазақстан. Құрылғыны бір топ америкалық ғалымдар ойлап тапқан. Ол қомақты сома тұрады. Біріншісінің бағасы 200  мың доллардан асты, - деп түсіндірді ол.

Сондай-ақ басқарма басшысы қазақстандықтардың неліктен донор болудан бас тартатынын түсіндіріп берді.

Біреулер  түрлі жарақаттардан, енді бірі апаттардан қаза тауып жатады. Осы кісілердің әрқайсысы – донор болатын адамдар-ақ. Былтыр тәртіп сақшысымен сөйлескен кезде, 2023 жылы жол көлік апаты салдарынан шамамен 3 мың адам көз жұмғанын айтты. Десе де, олардың арасынан донор болатыны табылмады. Адамдардың донорлыққа қатысты хабары аз. Бұл мәселені үнемі айтып отыру керек, - деді Юрий Пя.

Бүгінде трансплантация жасауға 149 науқас кезекте тұр. Соның ішінде 10-ы - 18 жасқа толмағандар. Елімізде диагнозы нақтыланған 400 науқас ресми түрде анықталып отыр.

Созылмалы жүрек жетіспеушілігі - бүгінгі таңда ең қауіпті ауруларды бірі.  Алғашқы 5 жылда науқастардың 50 пайызы қайтыс болып кетеді. Қосалқы помпа жүректің жұмысын толық атқарады. Бүгінгі таңда 500-ден астам ота жасалды. Науқастардың өмір сүру сапалары өте жоғары. Барлығының отбасы бар. Жұмыс істеп жатыр,-деп нақытады UMC Жүрек орталығының кардиологы Салтанат Андосова.

Кардиолог Юрий Пя донор болудан азаматтардың неліктен бас тартатынын түсіндірді

Фото: ©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ

Николай мұндай отаны осыдан 10 жыл бұрын тамыз айының 19-ында жасатқан. Бүгінде дені сау, қолтығына құрылғы салынған сөмкені қысып алып жүреді. 

Кардиолог Юрий Пя донор болудан азаматтардың неліктен бас тартатынын түсіндірді

Фото: ©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ

Қазақстанда осындай ота жасайтын 4 орталық бар. Олар Алматы, Шымкент, Астана және Тараз қалаларында орналасқан.

Елімізде жүрек ауруларын уақытылы диагностикалау және алдын алу - бүгінгі күннің ең өзекті мәселесі.

Көшіріп алып, енгізуге болады. Немесе өз қолыңмен жасап, енгізуге болады. Қазақстанның өз қолынан жасап, ортаға енгізе алатын әлеуеті, потенциялы бар,-деп қорытындылады University Medical Center Басқарма төрағасы Юрий Пя.

Кардиолог Юрий Пя донор болудан азаматтардың неліктен бас тартатынын түсіндірді

Фото: ©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ

Кардиолог Юрий Пя донор болудан азаматтардың неліктен бас тартатынын түсіндірді

Фото: ©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ

Жүрек жеткіліксіздігінің асқынған түрлерінде пациенттерге донорлық жүрек трансплантациясы қажет болып жатады. Десе де, халықтың донорлық дайындық деңгейі төмен болуынан, ағза трансплантациясын күту тізіміндегі пациенттердің өмірін сақтап қалу үшін басқа шешімдерді іздеуге тура келеді.

Айта кету керек, HeartMate III құрылғысының алғашқы имплантациясы 2014 жылы UMC Жүрек орталығында жасалды.

Бүгінде команда осы тектес 500-ден астам операцияны сәтті жасады. Сондай-ақ клиникада жергілікті және шетелдік әріптестерге тәжірибе, білім беру және қолжетімді медициналық көмекті көрсету үшін арнайы шеберлік сабақтары мен тренингтер ұйымдастырылады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға