Жаңалықтар

Каратэ: қоржынға бір алтын, бір күміс түсті

Каратэ: қоржынға бір алтын, бір күміс түсті
Фото: © Olympic.kz 05.10.2023 16:03 664

Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан ХІХ жазғы Азия ойындарында каратэ спортынан бір алтын, бір күміс медаль түсті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Атап айтсақ, ерлер арасында 75 келі салмақта Токио Олимпиадасының қатысушысы, әлем чемпионатының екі мәрте қола жүлдегері Нұрқанат Әжіқанов жеңіске жетті. Ол финалда Хасан Масарвехті (Иордания) 8:0 есебімен ұтты

Оған дейін ол 1/8 финалда непалдық Махаммед Шекху Аламды 5:0, ширек финалда қырғыз Назым Нұрлановты 3:1, жартылай финалда малайзиялық Рагоназан Шармендранды 4:3 есебімен ұтқан.

Ал әйелдер арасында 68 келі салмақтағы Лаура Әліқұл күміс жүлдені қанағат тұтты. Жерлесіміз финалда жарыс қожайыны Гиаагиао Лиге 0:4 есебімен есе жіберді. 

Айта кетейік, 2018 жылы Джакартада дәл осы салмақта Гузалия Гафурова чемпион атанған болатын.

Бұл ақпараттың жарық көруіне қолдау жасаған «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ және «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры» КҚ.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға