Жаңалықтар

«Сарыарқа Нан Қарағанды» зауыты  ашылды

Отандық өнім
«Сарыарқа Нан Қарағанды» зауыты  ашылды
08.02.2017 11:33 15880

Қарағанды қаласында ТМД елдерінде баламасы жоқ ірі нан заводы ашылды. «Сарыарқа Нан Қарағанды» зауыты күніне 75 тонна нан-тоқаш, 3 тонна кондитер өнімдерін шығарады.  8 айдың ішінде тұрғызылған зауытқа 3 млрд теңгеден астам инвестиция құйылды.

Жоба ҚР «Бәйтерек» Ұлттық қорының, «Цеснабакн» және «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамдарының қолдауымен жүзеге асты.

Зауыттың ерекшелігі - құрылысына тек отандық материалдар мен элементтер қолданылған.

«Нан зауыты Германия, Италия, Словения секілді Европа елдерінің заманауи қондырғыларымен жабықталған. Зауыт шеберлері жабдықтармен жұмыс жасауды осы елдердің жетекші мамандарынан үйреніп келді», - деді  словениялық Gostol компаниясының директоры Матьяж Компара.

Жаңа технологияларды қолдана отырып, нан зауыты өндірістің тазалығын, нан-тоқаш өнімдерінің дәмділігі мен тағамдық құнарлығының жоғары сапасын қамтамасыз етеді.

«Сапа стандарты «Сарыарқа Yан» зауыты кәсіпорынының ең басты артықшылығы болады. Нан, кондитер өнімдерінде тек табиғи қоспалар қосылады. Жасанды нәрлендіргіштер болмайды. Мен нан зауытында осы уақытқа дейін 45 жылдай жұмыс жасап келемін. Биыл мені осы зауытқа жұмысқа шақырды. Осындай жаңа технология орнатылған зауытта жұмыс істегенімен шексіз қуаныштымын. Біз торттың сегіз түрін шығарамыз. Тағы да басқа түрлерін қосатын боламыз», - дейді кондитер өнімдерінің бас технологы Любовь Борисова.

Нан зауыты 550 астам адамды жұмыспен қамтыған. Оның ішінде мүмкіндігі шектеулі жандарға да жұмыс қарастырылды. Қызметкерлердің жұмысы технологиялық процестердің механикаландырылуы мен автоматтандырылыуы арқылы жеңілдетілді.

Зауыт нан өнімдерінің 45-тен астам түрлерін шығарады. Бұдан кейін шығарылатын өнім түрі ай сайын 3-4 түрімен толықтырылып отырады. Барлық өнім отандық өндірушілер шығарған ұннан өзіндік рецептермен пісіріледі. Нан зауытының өнім шығарудағы тұжырымдамасы қазақ наубайшыларының рецептерін пайдалана отырып, заманауи технологиямен нан өнімдерін пісіру болып табылады.

Нан зауытының мол ассортиментін Қарағанды қаласының және маңайдағы Теміртау, Шахтинск, Саран, Абай сияқты спутник қалалардың тұрғындарына ұсыну үшін тұтынушыларға қолайлы 47 фирмалық дүкен ашылды. Логистикамен қамтамасыз ету үшін, нан өнімдерін сауда орындарына таситын 65 жаңа отандық автокөлігі бар көлік цехы қарастырылған.

«Сарыарқа Нан Қарағанды» ЖШС нан зауытының басты басымдығы сатып алушылар мен серіктестер алдындағы жауапкершілік, қызметкерлердің кәсіпқойлығы, жұмысқа құрметпен қарауы болып табылады. Сондай-ақ, кәсіпорын қызметкерлерінің жұмысқа жетуі мен тамақтануы тегін қарастырылған.

Әлеуметтік қолдау шарасы аясында «Сарыарқа Нан» зауытының алғашқы өнімі Қарағанды қаласындағы балалар үйіне жөнелтілді.

«Біз бүгін Қарағанды облысында жаңа нан зауытын ашып отырмыз. «Сарыарқа Нан Қарағанды» ЖШС Қазақстанды индустриалды және иннвациалық дамытудың мемлекеттік бағдарламасы бойынша салынды.  Кәсіпорын әлемдік стандарттарға сай»,- деді Қарағанды облысы әкімінің Асылбек Дүйсебаев.

«Сарыарқа групп» қадағалау кеңесінің төрағасы  Ерлан Нығматулин жобаға қатысқан құрылысшыларға, шетелдік әріптестерге, ұжымға алғысын білдірді.

«Сарыарқа Нан» зауыты ұжымының алдында анық мақсат бар. Кәсіби ұжымнан жасақталған орта үлкен жетістіктерге жетеді деп есептеймін. Оған барлық жағдай жасалған. Бізге инвестиция ғана тартқан жоқпыз, әлемдік үздік технологияны да өндіріске енгіздік. Барлық ұжымның атынан Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа елімізде жағымды инвестициялық климат орнатқаны үшін алғысымды білдіремін»,- деді кәсіпкер.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға