Жаңалықтар

Капотқа мініп сырғанап қаза тапқан қыз туралы жаңа мәлімет айтылды

Капотқа мініп сырғанап қаза тапқан қыз туралы жаңа мәлімет айтылды
Фото: © Pixabay.com 09.01.2024 15:40 1309

Батыс Қазақстан облысының Ветелки ауылында капотқа мініп сырғанаған қыз қаза болған еді, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

Кәмелет жасқа толмаған жасөспірімдер көлікке ескі көлік капотын тіркеп, қызды сарғанатқан. Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, 17 жастағы қыздың ауруханаға жеткізілгенмен, есін жимастан қайтыс болған еді.

Ата-анасының мәліметінше, қайғылы оқиға болған күні Аяулым достарымен бірге шығып келуге сұранған. Олар төртеу болған: екі ұл және екі қыз. Көлік жүргізетін досының автомобиліне капотты бекітіп, сырғанаған. Басқалары секіріп үлгерген, бірақ қыз ортада отырғандықтан қашып құтыла алмаған екен. Бағананы соққан сәтте қыздың аузынан қан аққан. Уақытты босқа өткізбеу үшін оны жедел жәрдемге қарсы таксимен алып шыққан. Бірақ, ауруханаға жетпей қыз қаза болды, - деді қыздың кураторы.

Марқұм Оралдағы педагогикалық колледждің 3-курс студенті болған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға