Жаңалықтар

Канвон-2024: Тарихи алтынға қол жеткізген спортшы Қазақстан халқына алғысын айтты

Канвон-2024: Тарихи алтынға қол жеткізген спортшы Қазақстан халқына  алғысын айтты
Фото: Видеодан кадр 20.01.2024 13:00 910

Оңтүстік Корея елінде өтіп жатқан IV жасөспірімдер Олимпиадасында Қазақстан тарихында алғашқы алтынға қол жеткізген спортшы Илья Мизерных өз эмоциямен бөлісті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Шаңғымен тұғырдан секіру сайысында 38 қарсыласпен сынға түсіп, жеңіске жеткен Илья Мизерныхтың өз әсерімен бөліскен сәтінің видеосын Туризм және спорт министрлігінің Telegram-каналы жариялады. Олимпиада чемпионы өз сөзінде Қазақстан халқына алғысын айтты.

Бұл өте тамаш сезім! Мен мұндай сезімді барлығына тілер едім. Қазақстанның намысын қорғап, жеңіске жеткенде өте керемет әсерде болдым. Мені қолдаған, жалпы бұл ойынды көрген барша қазақстандыққа алғысымды айтамын»,-деді Илья Мизерных.

Оқи отырыңыз: 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға