Канвон-2024: Қазақстандық хоккейшілер қола жүлдеге ие болды

Оңтүстік Кореяда өтіп жатқан IV қысқы жасөспірімдер Олимпиадасында кезекті жүлде қоржынға түсті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қысқы жасөспірімдер Олимпиадасында алғаш рет 3×3 хоккейден жүлде жиынтығы сарапқа салынған бәсекеде ұлдар құрамасы қола жүлдеге қол жеткізді.
3-орын үшін өткен тартысты ойында жерлестеріміз Аустриядан 6:5 есебімен басым түсті.
Қазақстан-Аустрия 6:5 (4:1, 1:2, 1:2)
Әзірше IV қысқы жасөспірімдер Олимпиадасында Қазақстанда 1 алтын, 2 қола жүлде бар.
3х3 Хоккейде өнер көрсеткен өрендеріміз:
Темірлан Айболұлы
Бексұлтан Мақыш
Арсений Кучковский
Әділхан Саттар
Никита Кулаков
Матвей Решетько
Расул Тұрсынов
Арман Төлен
Жахангер Тілеухан
Таир Бигаринов
Егор Кравченко
Роман Мичуров
Әнуар Ахметжанов
