Жаңалықтар

Канн кинофестивалінде үздік танылған танымал актриса қайтыс болды

Канн кинофестивалінде үздік танылған танымал актриса қайтыс болды
Фото: pixabay.com 17.03.2025 15:54 327

Бельгиялық актриса Эмили Декенн 43 жасында өмірден өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

2023 жылдың қазан айында ол бүйрек үсті безінің сирек кездесетін қатерлі ісігіне шалдыққанын жариялаған. 2024 жылдың көктемінде ауруының толық ремиссияға өткенін мәлімдегенімен, жылдың соңында дерт қайта асқынып, жағдайы күрт нашарлаған.Актрисамен қоштасу рәсімінің нақты күні мен орны кейінірек жарияланатын болады.

Эмили Декенн 1981 жылдың 29 тамызында Бельгияның Белей коммунасында дүниеге келген. Ол өзінің актерлік мансабында көптеген жарқын рөлдерді сомдап, көрерменнің жүрегінен орын алды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға