Каникулға шыққан депутат Ермұрат Бәпи ауырып қалды
Фото: t.me/mazhilis_kz
Фото: t.me/mazhilis_kz
11.07.2023 15:26
13026
Мәжіліс депутаты Ермұрат Бәпи денсаулығына байланысты өңірлерге сапарын кейінге қалдырды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ермұрат Бәпи құлап, аяғын шығарып алған. Қазіргі таңда ауруханадан шығып, үйінде ем қабылдап жатқанын айтты.
Каникулға шыққаннан кейін ертеңінде аяғымды шығарып алдым. Қазір Алматы қаласында, үйімдемін. Жағдайым бірқалыпты. Ауруханадан кеше ғана шықтым. Денсаулығыма байланысты демалыстамын. Тамыз айынан бастап қызметіме кірісемін, - деді мәжілісмен.
Оқи отырыңыз:
- TikTok-та қалай танымал болуға болады?
- Лара Фабианның концертіне билет алғандар 5 млн теңгеге алданып қалды
Еске сала кетейік, Мәжіліс депутаттары 1 шілдеден бастап каникулға шықты. Ал 3 шілдеден бастап мәжілісмендердің өңірлерге сапары басталған болатын.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Әли Оқапов анасы Роза Рымбаеваға жаңа көлік сыйлады
Келесі жаңалық
Шерзат Болаттың әкесі бостандыққа шығатын болды