"Канелоның" бокс кезінде қазақстандық боксшы қарсыласын нокаутқа түсірді

Белгілі кәсіпқой боксшы Бек Нұрмағанбет (10-0, 8КО) АҚШ-тың Лаг-Вегас қаласында Сауль "Канело" Альварес – Джермелл Чарло жекпе-жегінің андеркардында шаршы алаңға шығып, жеңіске жетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Отандасымыз Бек Нұрмағанбет Нигерия боксшысы Абимбола Осундаиромен (5-0, 3КО) кездескен еді. Аталған сы суперорта салмақта болып, 6 раундқа есептелген болатын. Жауапты сында Б.Нұрмағанбет үшінші раундта қарсыласын нокаутқа түсіріп, уақытынан бұрын жеңіске жетті.
Шымкенттік Бек Нұрмағанбет осы ретте кәсіпқой бокстағы 11-ші жеңісіне қол жеткізіп отыр. Ал Абимбола Осундаиро алғаш рет рингте жеңілістің кермек дәмін татты.
2022 жылы Бек Нұрмағанбет суперорта салмақтағы WBA International чемпионы белдігін жеңіп алған-тын.
