«Канело» Головкинмен үшінші айқасына болжам жасады
Бұл туралы Sports.kz сайты жарияланды
Төрт салмақ дәрежесіндегі әлем чемпионы және «pound-for-pound» рейтингісінің бұрынғы көшбасшысы мексикалық Сауль Альварес 18 қыркүйекте Лас-Вегаста (АҚШ) өтетін қазақстандық Геннадий Головкинмен үшінші айқасы нокаутпен аяқталады деп есептейді, – деп хабарлайды El.kz. Бұл туралы Sports.kz сайтында жарияланды.
– Бізді жақсы жекпе-жек күтіп тұр. Головкин – керемет және қауіпті қарсылас. Бірақ, мен нокаутқа жіберемін деп ойлаймын, оған еш күмән жоқ. Оған ынтам зор. Рингіге оралатын күнді асыға күтіп жүрмін. Бар күшімді салып жаттығып жатырмын. Нокаут – бұл айқастың жалғыз мүмкін нәтижесі, – деді Сауль Альварес журналистермен кездесуде.
Канело мен Геннадий Головкиннің бірінші айқасы 2017 жылы өтіп, тең нәтижемен аяқталған еді.
