Жаңалықтар

Кандидаттардың үгіт жүргізуіне қанша қаражат жұмсалады?

Орталық сайлау комиссиясында Президенттікке кандидаттардың сайлау алды үгіт жүргізу жұмыстары жөнінде семинар өтті
Кандидаттардың үгіт жүргізуіне қанша қаражат жұмсалады?
Фото: El.kz 22.10.2022 10:52 2139

ҚР Орталық сайлау комиссиясында Президенттікке кандидаттардың сайлау алды үгіт жүргізу жұмыстары жөнінде семинар өтті, деп хабарлайды El.kz.
Семинарда Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Сабила Мұстафина президенттікке кандидаттардың өкілдеріне қаржылық шығындары мен үгіт насихат талаптарын атап өтті.

«Кандидаттар сайлау алды үгіт жүргізу кезінде бұқаралық ақпарат құралдарында мынадай талаптар болады:
Кандидаттар үгітін телеарнада, радиода хабарлары арқылы және мерзімді баспасөз басылымдарында екі мақаланы жариялау үшін 9 012 600 көлемінде қаражат төленуі тиіс.
Сайлаушылар үшін арнайы іс- шаралар өткізу мен үгіт материалдарын тарату үшін 800 мың теңге көлемінде қаражат белгіленеді.
Кандидаттарды тасымалдау шығындары 500 мың теңге көлеміндегі қаражат белгіленді. Бұл қаулы ОСК интернет-ресурсында жарияланған»,- деді Сабила Мұстафина.


Еске сала кетейік, 21 қазан күні сағат 18:00-ден бастап президенттікке кандидаттардың сайлау алды үгіт жұмыстары басталған болатын.

Президенттікке кандидаттар сайлау қорларынан 6 баған бойынша төлем төлеуі тиіс.

Үгіт жүргізу үшін тіркелген БАҚ өкіліне;
Іс- шаралар мен кездесулерді ұйымдастырушы өкілге;
Аудио немеме жазба түрде қамтылатын үгіт материалы үшін;
Ұйымдастырушы заңды және жеке тұлғаға;
Үгіт жүргізу кезінде қолданылатын, іс-сапарларда тасымалдайтын қоғамдық көліктер үшін;
Үгіт жұмыстары үшін арнайы жасалған жалаулар, белгілер мен жабдықтар;
Сонымен қатар, кандидаттар үгіт жүргізу үшін телеарнада 15 минут, радиода 10 минут, баспасөзде 0,1 беттен 2 мақаладан артық жариялай алмайды.
Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға