Канадада жаңа премьер-министр сайланды

Канадада билеуші Либералдық партияның жаңа көшбасшысы ретінде Марк Карни таңдалды. Ол қаңтар айында отставкаға кететінін мәлімдеген Джастин Трюдоның орнына келеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі BBC-ге сілтеме жасап.
Марк Карни – Англия банкінің бұрынғы басшысы және Трюдо үкіметінің құрамына кірмеген жалғыз кандидат. Партия мүшелері арасында өткен дауыс беру нәтижесінде ол 85,9% дауыс жинады, — деп жазады басылым.
Отставкаға кеткен премьер-министр Джастин Трюдо өз қызметіндегі жетістіктерімен мақтанатынын айтты.
Кейінгі 10 жылда қол жеткізген жетістіктерімізбен мақтанамын, – деді ол қоштасу сөзінде.
59 жастағы Марк Карни көп жылдан бері Либералдық партияның ықтимал көшбасшысы ретінде қарастырылып келген. Ол қаржы саласындағы беделімен танымал. Карни өзін үкіметке тәуелсіз кандидат ретінде таныстырып, басты мақсаты елдің экономикалық жағдайын жақсарту екенін мәлімдеді.
