Калашников, мылтық, граната: «Қаңтар оқиғасы» кезінде ұрланған қарулар табылды
![Калашников, мылтық, граната: «Қаңтар оқиғасы» кезінде ұрланған қарулар табылды Калашников, мылтық, граната: «Қаңтар оқиғасы» кезінде ұрланған қарулар табылды](/storage/storage/element/2025/01/08/mainphoto/137027/1200xauto_SoybVPyXjHqksjdFaRaEnzeCZV28O6WO6Mz4I70x.jpg)
Фото: ҰҚК
Фото: ҰҚК
08.01.2025 13:51
468
Ұлттық қауіпсіздік комитеті полиция және прокуратура органдарымен бірлесіп, қару-жарақтарды, оның ішінде қаңтар оқиғалары кезінде ұрланғандарды іздеу және заңсыз айналымнан алу бойынша бірқатар жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Нәтижесінде қарудың қайта айналымының 7 арнасы, сатудың 7 ішкі арнасы және оны жасайтын жасырын 4 цех жойылды.
58 Калашников автоматы, 283 мылтық, 164 тапанша, 115 граната және әртүрлі калибрдегі 15 мыңнан астам оқ-дәрі тәркіленді.
ҰҚК мәлісетінше, қарудың заңсыз айналымына қарсы күрес бойынша іс-шаралар жалғасып жатыр.
Бөлісу:
![Telegram](https://el.kz./static/site/images/tel26.png)
Келесі жаңалық
77,5 км веложол: елордада велоспорт қалай дамып жатыр