Жаңалықтар

Қайырғали Медеттің ұйымдастырушылық және редакторлық шеберлігі

Қ.Медеттің журналистік қызметі
Қайырғали Медеттің ұйымдастырушылық және редакторлық шеберлігі
16.09.2017 11:29 4843

Қ.Медет тәуелсіз елдегі БАҚ ішінде алғашқы тәуелсіз газеттердің бірі ретінде дүниеге келген Республикалық «Мәдениет-Культура» газетінің бас редакторы болды. Бұл 1991 жылдың көктемі болатын. Ол кезде жас шамасы отыздан енді асқан басшылар қазақ басылымдарында некен-саяқ еді. Қ.Медеттің егеменді елдің еңсесін көтеруге белсене кіріскен жылдары да осында көрінді. Оның басшылығымен «Аса құпия» құжаттардың КГБ, НКВД т.б. құқық-қорғау органдарының архивтерінен (мұрағат) іздене жүріп, «Мәдениетте» аудармасыз, өзгеріссіз жариялануының өзі ірілік еді.

Одан басқа да өнер, әдебиет, мәдениетте ақтаңдақтарға қатысты басылған материалдар, 1932-1933 жылдардағы аштық, 1937 жылғы репрессияға (саяси қуғын-сүргін) қатысты солақай саясатшылардың, кінәсіз адамдардың атына жала жабушылардың әшкереленуі де осы басылымда жан-жақты көтерілді.  «Мәдениет»-«Культура» республикалық газеті қос тілде шығуын 1991 жылы бастады. Басылым бірден өзінің оқырмандарын көптеп тартып алды. Газеттің №1 нөмірінің өзі мәдени және саяси көзқарастарға жаңа серпін әкелді. Мысалы, осы нөмірде «Против Горького» атты орыс тілінде жазылған мақала мен «Мағжанның ұлы аруағы кешер мені» атты қазақ тілінде жазылған мақала жұрттың ой-санасын дүр сілкіндірген материал еді. Бұл мақала «Мәдениет- Культура» газетінің №1 санының 10 бетінде жарияланған еді. Газет 12 беттен тұрған. Атышулы мақала «Мәдениет» газетінің атынан жазылған. Орысша жазылған мақала Горькийдің атына берілген Алматыдағы саябақты сынға алған. Онда былай делінеді: «Мы, сотрудники редакции, стоим перед ЦПК и О им. А.М.Горького. И в каком бы вы думали городе? В Нижнем Новгороде, Самаре, Вышнем Волчке? Увы, в нашей респрекрасной Алма-Ате!  «Осы қалаға атақты жазушының аты затына сай беріліп тұр ма?» деген орынды мәселе көтерілген. Саябақтың кіре берісінің маңдайшасына «Книгаисточник знаний» деп жазылып қойылған. Ал, шындығында бұл мәтін өзінің мағынасын ашып тұрған жоқ. Себебі, саябақтың ішінде қыдырыстап жүргендер, мәз-мейрам болып секеңдеген қыздар мен жастардың Горькийдің кітаптарында жазылған кейіпкерлерге тым керағар көріністі беріп тұр дейді мақала авторы. 

Мақалада: «Когда же главный парк Казахстана носит имя «основоположника пролетарской литературы», при всем уважении к последнему, возникает вопрос: насколько это соотносимо. И получается, что нинасколько. Горький и Казахстан как-то не пересекаются. Это все равно, что ледакол затащить в оазис. Кроме того, Горький, как человек серезный никакого отношения к местам развлечения и отдыха не имел. Вся его мученическая жизнь, так ярко отражающаяся в литературном псевдониме плохо ассоцируется с вальяжностью бездельничающих в парке людей...» деп анықтама беріледі. Бұл сол жылдары әлі де сын айтуға батылдары жете бермейтін журналистерге үлкен серпін бергені де шындық.  Бұл жерде А.Горькийді ешкім тұғырдан түсіруге ұмтылыс жасамаған. Тек қана Кеңес Одағының бір кісіні дәріптесе, барлық жерлерге қатысы болсын, болмасын «есімін» қалдыру мақсатында таңа беретін үрдіс болатын.  Міне, осындай «стереотипке » ең алғашқылардың бірі болып қарсы қадам басқан «Мәдениет» газеті болды. Осы нөмірден «Қазақ халқы тарихындағы көтерілістер» атты мақаланың да айтар ойы тұщымды шыққан. Бұл мақалада Қазақ хандарының көтерілістері баяндалады. Қазақ халқының өткен тарихындағы Жоңғар шапқыншылығына, Хиуа, Қоқан хандықтарының басқынышылық әрекеттеріне қарсы шыққаны айтылады. Бұлар жайында кезінде Н.Бекмағанбетов, С.Аспандияров, М.Тынышбаевтар қалам тартқан болатын.  Кейіннен отызыншы жылдың ойранынан соң бұл тақырыпты зерттеушілер шыға қоймады. ХІХ алғашқы ширегінде шекаралық әскермен оқтын-оқтын қақтығысып отырған, ізіне түскен жазалаушы отрядты талай мәрте шаң қаптырып кеткен сұлтан Қаратай Нұралиевтің ұлтжанды істерін осы мақаладан оқып танысуға болады.   «Жаңылмайтын жақ, сүрінбейтін тұяқ » болмайды демекші. Осы нөмірде қазақтың көрнекті ақыны, Әбділдә Тәжібаевтың Мағжан Жұмабаев туралы жазғандары да алғаш рет жарияланған. Онда ол Мағжанды ұлтшыл жазушылардың ішінде ерекшесі, ақындық талантын түгел байшылдыққа арнаған деп жазылған оның ескі басылымдардағы мәтіндерін келтірілген екен. Мақала сол себептен болса керек «Мағжанның ұлы аруағы кешер мені» деп аталыпты.  «Мәдениет» газетінің №3 санында атақты лингвист, ақын, публицист, ұлттық жазудың реформаторы Ахмет Байтұрсынұлының орыс тілінде берілген «В чем ошибка художника Хлудова» атты мақалада суретші Хлудовтың суреттеріне қорытында жасағаны басылған. А.Байтұрсынұлы суретшінің қазақтарды суреттеуіндегі картинкаларының шынайылықтан алшақ кеткенін, жартылай жабайы болып көрсетілгенін, көпшілікке ұсынылған картиналарының үстірт салынғанын сынға алған.  Солай болса да, суретшінің салған суреті әсерлі шыққанын да өзінің қорытындысында айтып өтеді. Енді А.Байтұрсынұлының Хлудов Николай Гавриловичке қатысты жазған ескертпелерін орыс мәтінінде береміз. «1. Изображение казахов и казашек полунагими. Обычно казашки полунагими совсем не работают, а казахи работают редких случаях. 2. Изображение девушек-казашек почти везде без головного убора, с растрепанными или всколоченными волосами. Обычно девушки-казашки с непокрытой головой не ходят. Без головного убора бывают в тех случаях, когда хотят пощеголять своими волосами, не растрепанными или всколоченными, а напротив гладко причесанными и красиво заплетенными. 3. Изображение казашек босыми. Взрлослые казахи и казашки босыми обычно не ходят. Встречается хождение детей босыми 12-13 лет, а совершенно голыми до 4-5 лет. 4. Изображение юрт-одиночек. Обычно казахи живут аулами; причем они группируются в аулы не просто по прихоти, а по хозяйственными соображениями. 5. Изображение людей, вещей и процессов в отдельности правильное, а в комплексе жизни не правильно. Благодаря всему сказанному, картины Хлудова прекрасны по исполнению, по содержанию же имеют существенные недостатки и производят этим на обозревателей, знающих казахский быт, впечатление надуманного и потому отчасти чуждого и отчасти фальшивого.» А.Байтұрсынұлының бұл жерде тек қана тіл маманы, әдебиетші, ақындығы ғана емес оның өнердің де үлкен білгірі екенін көреміз. Бұл жерде А.Байтұрсынұлының ертеректе жазылған, бірақ, кейінгі Кеңес Одағы тұсында ұзақ жылдар бойы айтылмай келген, тіптен айтуға тиым салынған мақалаларын алғаш рет батылдықпен басылымда жарыққа шығарған. 

«Мәдениет» газетінің редакциялық ұжымының қызметкерлерін ерекше атап отырғаным да сондықтан болса керек. Қайырғали Медеттің бас редакторлығы кезінде (1991 жылдың сәуір айының 18-і) Әмірхан Меңдеке, Жүсіпбек Қорғасбектегі, Нұрғали Ораз, басылымның редакция алқасының мүшелері болған еді. Сонымен қатар Қанапия Омархан (жауапты хатшы), суретші Жеңіс Кәкенұлы, Асан Сарқұлтегі мен Роман Тоқбергеновтар (бірі қазақ, екіншісі орыс бөлімінің редакторлары) қызмет жасады. «Мәдениет» газетінің осы санында басылымдарда қолданыла бермейтін МҚК-ның («Мәдениеттің» қайырылымдылық кітапшасы) жарық көруіне де тоқталғанды дұрыс санадым. Газеттің жарыққа шыққан жылдарында, еліміздің алғашқы тәуелсіздік жылдарында ақша тапшылығының белең алғанын бүгінде көпшілік ұмыта да бастаған болар, ал, кейінгі біз сияқты студенттер ол жылдың осындай жағдайда болғанын шындығында біле де бермейміз. «Мәдениеттің» қайырылымдылық кітапшасы 16 беттен тұратын газет ішінен отыз екі беттен тұратын шағын кітапша болып басылатын, газет ішінен орын алатын мақалалар мен тарихи деректер жиынтығы. Осы сияқты толық көлемді әңгімелер мен өлеңдер топтамалары да жарияланған. Бұны журналистер «газет ішіндегі кітап» деп те айтып жататын. Оны осы диплом жұмысына қатысты арнайы суретке түсіртіп, слайд арқылы беруді жөн санадым. Міне, өздеріңіз көріп отырғандай ықшамдалып жасалған кітапшаның ішінде қаншама деректер мен оқиғаларға қатысты мақалалар басылған.  Міне, сол кездері «Мәдениет» басылымы зерттеуден тұратын «Казактар мен Қайсақтар» атты кітапшасын газеттің ішіне орналастырып берген екен. Онда, яғни МҚК-ның мұқабасы ретінде таныстырылған кітапшада төрт тақырып қамтылған. Олар: 1.«Казактар қазақ жерін қалай иемденді?», 2. «Казактар қазақ ауылдарын не үшін шапты?», 3.«Казакқа қару не үшін керек?», 4. «Қан төгілген жоқ, бірақ...» Енді осы кітапшадан қысқаша үзінділер бере кетейік: «...С вашкей государевой стороны всякие набродные худые люди базыменные, беглые, собравшись, прихудят на гилянские, мазендаранские места, воюют, людей бьют, грабят, в полон берут, то же делают и над торговыми льюдми, которые ходят по морю...»  Иран елшісі Сефидің 1642 ж. Орыс патшасына жазған шағымынан.  (...қырғыздар орыс халқынан алыста, өз беттерімен шөл даланың жазығында оңаша көшіп жүре берсе, олардың бізге бағыныштылығы жай сөз болып қалады, орыс болып тек халық санағында ғана жазылады...»   («Россия», ХVІІІ том, С-Петербург, 1913 , 156 бет)  «...казак является одновременно и передовым колонизатором далеких окраин государства, и бдительным охранителем его границ...»  Есаул Путинцев. «Киргизская степь», Средняя Азия и северный Китай в ХVІІ-ХVІІІ столетиях» кітабынан Омбы, 1892. Бұл жерде орыс-казактардың атына қатысты жазылған мәтіндердің өзінен-ақ олардың тарих бетінде өздерінің қаншалықты жағымсыз жақтан көрсете білгендіктерін аңғарамыз. Бұл жерде олардың қазақ ауылдарын шауып, оларды тонап, атып, қырып кеткен деректерді көрсеткен жоқпын. Бұлар газетте нақты дәлелдермен жарияланған.  Ондай ұсқынсыз тұстардан деректерді көбірек келтіретін болсам, әрине, тағы әлденеше бетті тек сол тақырыпқа арнаған болар едім.   «Мәдениет» газетінің бетін ақтарып отырып одан тек қана басылымның тілшілерінің ғана емес, оқырман хаттары мен халық фольклоршыларының, кітапхана қызметкерлерінің де ойлы жазылған мақалаларын жиі ұсынатындығын көрдім.  Мысалы, фольклоршы Қаратай Биғожиннің зерттеуінің нәтижесінде белгілі әнші-ақын композитор Ақан Сері Қорамсаұлының жарияланбаған өлеңін осы газет бетінен алғаш рет танысуға мүмкіндік туған. Ол (автор) мақаланың атын «Ораз балуанға» деп қойыпты. Бұл өлеңді фольклоршының жазуына қарағанда Ақан Сері 1881 жылдың басында шығарған. Оны кезінде Орта жүз Көшебе-Керей Ермек Сері Тоқсанбайұлы деген өнерпаз адам домбыраға қосып, әнмен орындап, елден-елге таратқан. Автор осы ғылыми мақалада Ақан Серінің «Ораз балуанға» деген әнмен айтылатын өлеңнің тарихына тоқталған. (5) («Мәдениет» газеті, №5, 1991 ж) Егіндібұлақ ауылының орталықтанған кітапхана жүйесінің директоры Р.Жылтыбаева өзінің «Кітапхана халық мүддесі үшін» атты мақаласында аудандағы 31 кітапхананың 11400 оқырманы барлығын, ал кітап қорының 283 мыңнан асатынын тілге тиек етеді. Кітапханаларда өткізілетін мәдени ісшараларға да кеңірек тоқталыпты. Осы ауданда туып өскен Тәттімбет Қазанғапұлының 175 жылдығы қарсаңында әзірленген «Күй-күмбез» атты шараға қатысты мағлұматтар беріпті. Сонымен қатар, жасөспірімдердің кітапқа деген ынтасын арттыру мақсатында «Қазынамызды қастерлей білейік», «Туған жер-тұғырың, туған тіл-қыдырың» атты кітап көрмелерін ұйымдастырғандығы да осы мақаладан оқылады. 

Осы нөмірдің үшінші бетінен белгілі журналист-жазушы Қанапия Омарханның (бүркеншік аты Қапа Омарұлы) Күләш Байсейітованың 80 жылдығына орай дайындаған «Әлем таныған бұлбұл » атты көлемді мақаласы оқырмандар көңілінен шықты деп ойлаймын.  Мақалаға орай Күләш Байсейітова мен Қанабек Байсейітовтің «Қыз Жібек пен Төлеген» рөлінде ойнаған суреті беріліпті. Мақала тыңғылықты зерттеліп жазылған. Автор Күләштің 24 жасында КСРО халық әртісі атағын алғандығы, өнерде оның өрен жүйріктігі жазылады. Оның өнерге деген сүйіспеншілігі артынан ерген сіңлі-әріптестеріне көп әсер еткендігін алдыға тартады. Шабал Бейсекова, Шара Жиенқұлова, Жамал Омарова сынды қазақ ән өнеріне өшпес үлес қосқан әншілерге де бағыт-бағдар бергендігігін атап өтеді.  Мақалада Қазақстан Республикасының халық әртісі Кәукен Кенжетаевтың, КСРО халық әртісі, Социалистік Еңбек Ері Бибігүл Төлегеновалардың да Күләш Байсейтова жайында айтқан толымды ойтолғаулары берілген.  Газеттің бірінші нөмірінің бірінші беті қазақтың дара тұлғалы дана ұлы Дінмұхаммед Қонаевтың 80 жасқа толуы құрметіне арналыпты. Көрнекті мемлекет қайраткерінің келісті келбеті газеттің бетін аша түскен. Газеттің төртінші айқара бетіне екі қызықты, әрі көлемді мақалаға орын беріліпті. Бұл да газеттің бас редакторы Қ.Медеттің нұсқауымен жасалған.  Дүлділ ақын Манап Көкеновпен болған әңгіме тақырыбы «Ақынды аялайды туған халқы» деп аталған. Бұл тақырыптың өзі Қазақстанның халық ақынына деген құрмет іспеттес. Сұхбатта суырып салма ақын Манап Көкенов «Мәдениет» газетімен алғашқы нөмірінің шыға бастағанынан таныс екендігін білдіріпті.  Ол былай депті: «...Бұл басылымның шыққанына қатты қуандым. Бірақ, газет әлі де болса, өз оқырмандарының қолына толық тимей келеді. Әйтсе де «Ештен кеш жақсы» деген даналы сөз бар. Басылымның болашағынан өз басым көп үміт күтемін.»  Қазақ басылымдарының жылнамасында Қазан төңкерісіне дейін одан кейінгі 70 жылдың көлемінде мәдениет қызметкерлеріне арналған газет болмапты. Республикамызда «Мәдениет және тұрмыс» атты журналдың (қазір «Парасат») өз қызметін атқарғаны – шындық. Дегенмен, ол Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің қолбаласы болып келгендігі рас. Көп мәселеге, әсіресе мәдениет саласында сөз бола қалған жағдайда, оған жоғарыдан нұсқау жиі болып тұратын.

Бүгінгі басылымның, яғни, «Мәдениеттің» көтерген проблемалары қуантады. «Ұлттық кітапхана керек пе?», «Горкийге қарсы?» сияқты материалдардың жазылуы дер кезінде қолға алынған. Өзім де астанаға жолым түсіп бара қалған жағдайда орыс ағайындардың өзен-су, парк, көше атауларын иемденгендігі жаныма қатты батады. Онсыз да шуы көп қаланың қазақ халқына еңбегі сіңсін сіңбесін олар алған атаулардың жолын қуып жалғастыра бермей, бүгіннен бастап тоқтатқан жөн..». Осы газеттің бесінші бетінде кезінде сәулет өнерінің саңлағы атанған Н.Оразымбетов жайында «Сыйлық алмаған сәулетші» атты зерттеу мақала жарияланыпты. Бұл мақалада ол кісі жайында сыр ағытылады. Мұнда да келешек жас сәулетшілер үшін үлкен тағылым болсын деген ниетте басылым өзінің көзқарасын білдіріпті. Нұрғазы Оразымбетов «Казгипроторг» директоры қызметін атқарып жүріп, «Алматы» ресторанын салудың бас инженері болып бекітіледі. Бірақ, бұл құрылысқа Мәскеулік сәулетшілер қатыстырылмайды. Құрылыс жобасын сызу кезінде әлем сәулет өнерінің үздік әшекейі қолданылады.  Мрамор, табиғи тастар пайдалану көзделеді. Сол кездегі Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің төрағасы болып қызмет істейтін Д.Қонаев құрылыс жұмысының 1964 жылы біту керектігін баса ескертеді. Барлығы түгелдей абыроймен орындалып шығады. ...Қазақстан Министрлер Кеңесі, республикалық кәсіподақтар одағы 1972 жылдың тамыз айында №131-ші қаулысымен КСРО Министрлер Кеңесіне «Казгипропроект» институтының авторлар тобы Н.О.Оразымбетовті, Қ.К Нұрмашевті сыйлыққа ұсынады.  Бірақ, сыйлық берілмей қалады? Бұл қазақтың талантты құрылыс сәулетшісі Н.Оразымбетовтың тұңғыш сүрінуі еді... Бәрібір, Нұрекең астана сәулет құрылысын дамытуда қыруар жұмыстарды атқара берді. Әсіресе, Неке сарайды бөле-жара айту керек. Неке сарайдың құрылысы 1969 жылы басталады да, 1971 жылдың орта тұсында бітеді. Бұл Алматыда жер сілкінісіне қарсы, тоғыз баллдық сейсмикалық күшке төтеп беретін шеңберлі темірбетонды тұңғыш рет қолдану еді. Халық Неке сарайы жайында сәулет иегеріне ыстық ілтипат білдіреді. Сол жылы Б.А.Әшімовтың, Қазақ мемлекеттік құрылыс комитетінің төрағасының атына осы қайталанбас сәулетті сарайдың бас жобалаушысы Н.Оразымбетовты, оның коллективін («Казгипроторг») Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің сыйлығына ұсынады... Бірақ, тағы да әділетсіздік жасалады. Бұл Нұрекеңнің екінші сүрінуі... Жыл өтпей-ақ Алматыдағы әйгілі көк базардың бұрынғы орнынан төбесі тау шыңдары тәрізді жабық базардың құрылысы бой көтереді.  Базарда жаз күндері екі мың саудагер түрлі өнімдер сатады. Бұл әсем ғимараттың да авторлары Н.О.Оразымбетов, Н.П.Павлов, С.И.Рүстембеков болатын. 1977 жылдың 7 желтоқсанында Қазақ КСР Министрлер Кеңесі, республикалық кәсіподақтар комитетінің қаулысымен КСРО Министрлер Кеңесінің атына қатарынан екі рет сыйлыққа ұсынылады. Бұл 1978-1980 жылдары болатын. 

Осылай үш мәрте мемлекеттік сыйлыққа ұсынылған Н.Оразымбетовтың еңбегі бағаланбай, діттеген жеріне жете алмады. Сол үш мәрте ұсынылған сыйлықтың атына осы күнге дейін жауап келмеген. Міне, мақала авторы осы мәселені орынды көтерген.  «Халық күйін күйттеген» атты мақаланың авторы бүгінде елімізге белгілі ғалым, «Евразия» университетінің профессоры, Дихан Қамзабекұлы. Автор қазақ жеріндегі алғашқы мәдени ұйымдар туралы жазады. Оның зертеуіне (автор бұл кезде Алматыдағы Қазақстан ҒА, М.О. Әуезов атындағы әдебиет және өнер нститутының ғылыми қызметкері) Қазақтың әлі жазылмаған тарихында алашты өркениетке, бұқараны ағартуға басты мақсат тұтқан ұйымдар өз тұсындағы мән-маңызы жөнінен сүбелі орын алары даусыз. Осындай оймен жазылған мақалада Д. Қамзабекұлы: «...Олай болса, Еуропаға емес, өркениетке иек артқан шақтың рухани көшбасшысы іспетті ғасыр басындағы үркердей мәдени-ағарту бағытындағы ұйымдар турасындағы жиналған ақпарлар тарихымызды толықтыра түссе, олардың әсер-ықпалы хақындағы саралаулар руханилығымызға қосылған үлес болмақ...» деп жазады. Зерттеуші мақалада осындай ұйымның ең алғашқысы «Бірлік» деп аталғанын, оның Омбы қаласында 1914 жылы дүнеге келгенін, бұл бірлестік туралы Смағұл Сәдуақасұлының: «... «Бірліктің» мақсаты оның програмында (тұтынған жолында) айтылған: «Қазақ халқын мәдени хәм әдеби жағынан ілгері қатардағы жұрттарға қосу, ұлтшылдық сезімін туғызу хәм ұлтты сақтау. Бұл айтылған мақсаттарға жету үшін жастар арасында ұлтты сүю сезімін сіңдіре беру...» деген сөзін келтіреді.  Бұл мәтінді Д. Қамзабекұлы Орынборда жазылған С.Сәдуақасұлының 1921 жылы «Жастарға жаңа жол» атты еңбегінен келтірген. Дүниені әбігерге салып қойған 1917 жылға дейін, Смағұлдың жазуына қарағанда, бірен-саран ашылып келген ұйымдардың бәрі жасырын іс жүргізіп келгені. 17 жылдан былай жастар ұйымдарына ашылуға ерік болған соң, әр жерлерден бұрқ-бұрқ етіп ұйымдар шыға бастады. Д.Қамзабекұлы осылай жастардың рухани дамуына өзінің үлесін қосуға бағытталған ұйымдардың тізімін С.Сәдуақасұлының жоғарыда аталған кітабынан алып береді. Бұлар мынадай тізімде көрсетілген: 1 «Еркін дала» – Орынборда 2 «Жанар» – Семейде 3 «Оқытушылар ұйымы» – Семейде  4 «Талап» – Семей облысы, Шыңғыс болысы 5 «Игілік» – Орынборда 6 «Қамқор» – Торғайда 7 «Үміт» – Троицкіде 8 «Жас қазақ» – Оралда 9 «Талап» – Қызылордада 10 «Оқығандар» – Көкшетауда 11 «Ұйым» – Екбастұз зауытында 12 «Биым ұйымы» – Керекуде 13 «Ынтымақ» – Атбасарда 14 «Жас жүрек» – Спасс зауытында 15 «Жастар ұйымшысы» – Бөкей ордасында 16 «Жас қазақ» – Ақмолада 17 «Қазақ жәрдемі» – Зайсанда 18 «Ерік» – Баянауылда 19 «Қызмет» – Керекуде 20 «Жас тілек» – Ақтөбеде 21 «Биым» – Керкуде Осы жерде «Талап» атты ұйымның бірнеше жерде Омбы, Қызылорда т.б. жерлерде болғанын айта кеткен дұрыс сияқты. Бірақ, бұлардың барлығы Ташкентте құрылған «Талаптың» ныспысын иеленгендігін де ескерте кетемін. Бұл «Талаптың» жарғысы 1922 жылғы 4 желтоқсанда Түркістан халық ағарту комиссариатының Білім кеңесінде 822 нөмірлі құжатпен ресми тіркелді. М.Жұмабайұлы, М.Есболұлы, М.Әуезұлы (басылымда осылай жазылған -Б.М) сияқты арыстар Ташкентке күллі алашқа ортақ мүддені көтеруге келгендігі «Талаптың» қайта жарыққа шығуына мағлұм болды. (13)  «Талаптың» төрағалығына ғалым, профессор Халел Досмұхаммедұлы, басқарма мүшелігіне профессор Александр Шмид Эдуардович, Иса Тоқтыбайұлы, Мырзағазы Есболұлы, Мұхтар Әуезұлы, Қасым Тынысжанұлы, сынды білімпаздар сайланды. Ұйымның Жарғысын жазғандар: Х.Досмұхаммедұлы, А.Э.Шмидт, Ә.Диваев, М.Жұмабайұлы, Н.Архангельский. Әрине, «Талапты» биресми ұйым еді, жасырын жұмыс жасап еді дей алмаймыз.

«Талап» ұлтжанды басшылары бар өкіметке сенді. 1923 жылы 6 қаңтар күн Сұлтанбек Қожанұлы «Талап» ұйымына келіп, қазақ-қырғыз ағарту ісінің қазіргі қалпы һәм болашағы жөнінде баяндама жасап, нақты жағдайда мәдениет пен өнерді, мектеп жұмысын қалай іргелілетудің жөн-жобасын айтады. Пікірталастар болып, баяндамашы көптеген сұрақтарға жауап береді. 19 қаңтар күні Орта Азия музейінде «Талап» ұйымының кезекті жиыны болады. Этнограф Әбубәкір Диваев қауымның алдында археология туралы дәріс оқиды. «Ежелгі Тұранның жеріне барлау жасаған сайын тарихтың құпиясы ашыла түсетінін» ғалым көпке мағлұм етеді.  26 қаңтарда қазақ-қырғыз институтында «Талап» ұйымының кезекті дәрісі өтеді. Бұл жолы білімпаз Мұхамеджан Тынышбайұлының «Түрік-маңғыл тарихы туралы» атты ғылыми баяндамасының жалғасы тыңдалынады. Сонымен қатар «Ақ жол» газеті 12 ақпан, 1923 жыл «Талапқа» Т.Рысқұлұлы бастаған басшылар көмек көрсеткелі отырғанын хабарлаған құлақтандыруы да жазылған.  Большевиктер партиясы Орталық Комитетінің 1925 жылы қазақ баспасөзі туралы екі дүркін шешімі «Талаптың» басшылығында отырған азаматтарға үлкен соққы болды. Түркістанның «Ақ жол» газеті «қырағылардың» нысанасына ілінді. Сөйтіп «Талап» қауымы ұйымдастырушы азаматтардың бір-бірлеп қуыла бастауына байланысты жұмысын кібіртіктеп барып үзді. Бірақ, «Талаптың» идеясы үзілді деп айта алмаймыз. Ұлт бар жерде ұлттың болмысы сақталатына, тіл бар жерде ұлттың жасай түсетіні рас болса, осы күнге мәдениет пен әдебиеттің көп шашауы шықпай жетуі сол ізгі мұраттың өшпегенділігінен. Жалпы замана бедерінде қарағанда 20 жылдарға дейінгі және кейінгі мәдени-ағарту ұйымдарын ұлттық рухани сабақтастықтың дәнекері, елдік ұйысудың ұйытқысы болды деп бағалаған мақұл. Осындай рухани күшті жаңғыртудың кезегі тәуелсіздік алған тұсқа тап келді. Қазақстанның БАҚ өкілдерінің материалдарды батыл бере бастауы осы сөзімізді айғақтай түседі.  Соның бірі өзіміз сөз етіп отырған «Мәдениет» газетінің беттерінде көрініс берген мақалаларды айтуға болады.

Елдің өскелең ұрпақтарына шындық жолын көрсете алатын басылым осы газет еді. Сол кездері Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетінде осы «Мәдениет – Культура» газеті туралы жас ғалым Роза Нұртазинаның (бүгінде белгілі ғылым докторы) басшылығымен дипломдық жұмыс та қорғалған. Жас та болса, бас болып келген бас редактор Қ.Медеттің мақалаларды іріктеуде, редакция алқасында талқылап басылым бетіне жарық көруіне өзіндік қолтаңба қалдыра білді. Оның редакцияны басқарған тұсында өзгелерден ерекшеленетін тұсы да осы кезеңдер еді. Газеттің өз баспаханасы болмаса да, басылым сапасына аса көңіл бөлінді. Ондағы кәсіби қалыптасқан журналистердің ізденістеріне еркіндік жол ашқан да «Мәдениет» газетінің бас редакторы Қ.Медет деп ойлағанымыз шындыққа жанасады. Басылым халыққа тез танылды. Өзінің оқырмандары да жеткілікті дәрежеде болды.  Басылым тек қана мәдени-әдеби тақырыптарды қозғап қойған жоқ. Бұрынғы қазақ тарихының да мәселелеріне қатысты мақалаларды батыл ұсынып отырған.  Мысалы, Жаңақорған қыстағынан хат жолдаған Әмір Мәжитов кейбір тарихты бұрмалаушыларға жауап ретінде «Даукерлік пе, немесе сәуегейлік пе?» атты мақаласында жалған жазбагерлерге қатысты өз ойын батыл білдірген. 

Алматылық ғалым Ж. Ержанов та тарихи тақырыпты қозғап «Естіген жалған болады...және жорамал ақиқат емес» атты мақала жариялап, елдің тарихына шынайы көзқарас керектігін атап өткен. Тіптен, газет «Тарих осылай сөйлейді» тақырыбымен бірнеше қазақ еліне қатысты тарихи деректерден үзінділер берген де. Осындай ұтымды материалдар өз оқырмандарын қызықтырып қана қойған жоқ, олар «Мәдениет» газеті редакциясының атына алғысқа толы хаттар да жолдап отырған. Соның біріне назар аударалық. Қазақстанның халық ақыны Манап Көкенов «Мәдениет» газетінің редакциясына атты мақаласында: «Қазақстан мәдениет қызметкерлері шығармашылық одағының құрылтайында «Мәдениетті қорғайық. Қоғамды құтқарайық!» – деп үн қосқандардың бірі мен едім. Өйткені, мәдениет сан салалы ұғым. Рухани азықтық жағынан да, киіну, тұтыну, сөйлесу жағынан да, музыка, би фольклор, күй, айтыс жанры, шешендік сөз, әзіл-оспақ, сатира, юмор, драма жанры жағынан да қатысты, әдебиет оның ішінде поэзия өнерімен үйлесім тапқан. Олай болса, мәдениет елдігіміздің халқымыздың белгісі деп түсінуіміз керек. Мәдениет көңіл көтеру ғана емес. Рухани байлық, дәстүр, салт, әдет-ғұрпымыздың, тіліміздің, дініміздің бағдарламасы десек артық айтқандық емес...» деп толғанысты хат жазыпты. Ақын Манап Көкенов осы мақаласында: «...Мәдениет» газетінің алғашқы жарық көрген сандары мені екі қуанышқа бөледі. Бірі – ақын, жырау, композитор, суретші және мәдениет қызметкерлеріне қамқоршы жаңадан табылды дедім. Екіншісі – өзіме аға тұтып арнайы хат жолдауы.  Өткен жылы газетіміздің жазылу кезінде өзім және өзіммен қызметтес жүздеген кісінің жазылуына ықпал еттім. Төл газетімізге әлі де жазылып жатқаны бар...» депті. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға