Жаңалықтар

Қай елдерде ана капиталы жоғары бағаланады?

Ана мен баланы әлеуметтік қорғау
Қай елдерде ана капиталы жоғары бағаланады?
02.08.2018 16:11 10118

Қазір көптеген елдер үшін бала туу көрсеткішінің төмендеуі ана мен баланы әлеуметтік тұрғыда қорғауға бағытталған ана капиталын қалыптастырып, түрлі бағдарламалар енгізуге стимул болып отыр. Бүгін де кез-келген дамыған елді мысалға алар болсақ, ана мен балаға арналған сан түрлі жеңілдіктер мен жәрдемақылар тағайындаған.

Қай елдерде ана капиталы жоғары бағаланады? Бір шолу жасап көрейікші.

Ресей

Ресейде 2018 жылы ана капиталына өзгерістер енгізіліп, ана мен балаға төленетін жәрдемақы мен бір реттік сыйақы мөлшерлемесі өскен. Мәселен, бірінші баласын өмірге әкелген аналарға 45 3026 рубль беріледі, бұл – теңгеге шаққанда 2 514 176 теңгеге пара-пар. Егер отбасында екінші бала туылса немесе асырауға алынса да дәл осы сома төленеді. Бұған қоса бала 1,5 жасқа дейін ай сайын 800 рубль – 4 439,79 теңге төленсе, 1,5 жастан 3 жасқа толғанға дейін 1600 рубль – 8 879,58 теңге көлемінде жәрдемақы төленіп тұрады. 45 3026 рубль көлемінде ана капиталын иеленген ата-аналар сол қаражатты зейнетақы қорына қосуға не болмаса баспана мәселесін жеңілдетуге жұмсауға, балаға білім беруге жұмсай алады.

Беларусь

Бұл елде өмірге келген бірінші баласы үшін ата-аналарға мемлекеттен сәби 0-ден 3 жасқа толғанға дейін ай сайын 2 111 900 беларусь рублі төленеді. Теңгеге шаққанда 44 425,89 теңге көлеміндегі қаражат. Бұған қоса бала өмірге келгенде берілетін бір реттік әлеуметтік төлемнің көлемі 13 434 200 беларусь рублі – 281 660,13 теңгені құрайды.

Екінші бала туғанда 3 жасқа дейін ай сайын 2 413 550 беларусь рубльі – 49 979,12 теңге көлемінде жәрдемақы беріледі. Ал, екінші бала өмірге келгенде  төленетін бір реттік жәрдемақы көлемі 18 807 100 белорус рублі – 394 279,76 теңгені құрайды.   

Германия

Германияда бірінші және екінші бала бала өмірге келгенде мемлекет қорынан ай сайын 184 еуро – 74 907,00 теңге төленсе, отбасында үшінші бала туылса 190 еуро – 77 349,62 теңге көлемінде жәрдемақы беріледі.

Франция

Бірінші және екінші бала өмірге келгенде ай сайын 120 еуро – 48 852,39 теңге көлемінде, үшінші балаға 274 еуро – 111 546,29 теңге, ал төртінші балаға 428 еуро – 174 240,19 теңге, бесінші балаға 1343 еуро – 546 739,67 теңге көлемінде жәрдемақы төленеді.

Ұлыбритания

Бірінші бала туғанда 0 жастан 10 жасқа дейін ай сайын 105 еуро – 42 745,84 теңге жәрдемақы төленеді. Ағылшындар бала өмірге келгенде мемлекеттік бағдарлама аясында банктен сенім шотын ашып, 317 еуро – 129 051,73 теңге көлемінде бір реттік жәрдемақы ала алады. Тиімдісі шоттағы қаражатты өз күштерімен толықтыруға, ұлғайтуға мүмкіндік қарастырылған. Бұл қаражатты бала 18 жасқа толғанда пайдалана алады.

Ал, екінші және үшінші бала балаға мемлекет ай сайын 0 жастан 10 жасқа дейін 70 еуро – 28 497,23 теңге көлемінде жәрдемақы төлейді.

 

Латвия

Латвияда бірінші бала өмірге келгенде 1 жасқа толғанға дейін ай сайын анасының жалақысының 70% немесе 100 еуро – 40 710,33 теңге көлемінде жәрдемақы төленеді. Ал, балаға 1,5 жасқа дейін 60 еуро – 24 426,20 теңге төленеді.

Ал, бала өмірге келгенде берілетін бір реттік жәрдемақының көлемі 600 еуро – 244 261,95 теңгені құраса, екінші және үшінші бала дүние есігін ашқанда да осы сома төленеді.

Жапония

Жапонияда бірінші және екінші бала өмірге келгенде ай сайын 400 АҚШ доллары – 139 880,00 теңге көлемінде жәрдемақы төйлейді.  

Италия

Италияда балаға төленетін жәрдемақы ата-анасының бір жылдық табысына байланысты тағайындалады. Табыс көлемі 11 422 еуродан төмен болса, балаға ай сайын 101 592,22 теңге көлемінде жәрдемақы беріледі.  

Швеция

Швеция өмір сүруге өте қолайлы елдердің бірі. Мұнда бала өмірге келгенде ай сайын 120 еуро – 48 764,27 теңге жәрдемақы төленсе, екінші балаға ай сайын 251 еуро – 101 998,59 теңге тағайындалады. Ал, үшінші баласын өмірге әкелген аналар ай сайын 411 еуро – 167 017,61 теңге, төртіншіге ай сайын 629 еуро – 255 606,03 теңге жәрдемақы алуға құқылы.

АҚШ

Бір қызығы АҚШ-та балаларға жәрдемақы төлеу қарастырылмаған екен. Мемлекет тарапынан жасалатын жеңілдік – салықты жеңілдету болып табылады. Орта есеппен жылына 1000 доллар – 349 700,00 теңгеге дейін салық көлемін азайту қарастырылған.

Қазақстанда қалай?

Біздің елімізде ана мен баланы қорғау, демографиялық өсімді көтеру әрі бала тууды ынталандыру шаралары аясында бірнеше мемлекеттік жәрдемақы тағайындалған.  

2018 жылы Қазақстанда жәрдемақы түрлерінің мөлшері өсті. Кімдерге қалай берілетінін саралап көрейік.

Бала туғанда берілетін біржолғы жәрдемақы

Республикалық бюджет есебінен төленетін бала туғанда берілетін біржолғы мемлекеттік жәрдемақы жұмыс істейтін және жұмыс істемейтін әйелдерге тағайындалған.

Қазақстанда бірінші, екінші, үшінші балаға – 2018 жылы 91 390 теңге тоқтатылды.

Ал,  төртінші және одан кейінгі балаларға – 151 515 теңге төленеді.

Бір жасқа дейінгі берілетін ай сайынғы жәрдемақы

Бала бiр жасқа толық толғанға дейiн оның күтiмiне байланысты тағайындалатын ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы көлемі келесідей.

Жұмыс істемейтін әйелдерге:

бірінші балаға – 13 853 теңге;

екінші балаға – 16 379 теңге;

үшінші балаға – 18 880 теңге;

төртінші және одан кейінгі балаларға – 21 405 теңге.

Жұмыс істейтін әйелдерге бала күтімі үшін бiр жасқа толғанға дейiн ай сайын берілетін әлеуметтік төлем келесідей есептеледі:

Декреттік демалысқа кететін кез-келген болашақ ана келесі үлгі бойынша қанша әлеуметтік төлем алуға құқылы екенін есептей алады.

Ол үшін соңғы 2 жыл ішіндегі жалпы табысын  24 айға бөліп, одан шыққан соманы 0,4-ке көбейтіп, кейін сол сомадан 10% зейнетақы жарнасын алып тастауы тиіс.    

Қарапайым мысал келтірер болсақ, босанғанға дейін 2 жыл жұмыс істеген келіншектің жалақысы 150 мың теңге делік. 150 мың теңгені 12 айға көбейтеміз.

12*150 000 = 1 800 000

Осы 1 800 000 теңгені 24 айға бөлеміз: 1 800 000/24= 75 000 теңге

75 000 теңге – бұл табыстың орташа айлық мөлшері. Осы соманы 0,4 коэффициентіне көбейтіп, 10% зейнетақы жарнасын шегереміз.

75 000*0,4 = 30 000 теңге, 10% шегергенде босанған әйел ай сайын 27 000 теңге алады.

Жұмыс істейтін әйелдер мемлекет бюджетінен жүктілікке және босануға байланысты біржолғы әлеуметтік төлем алуға құқылы. Оның мөлшері келесідей үлгімен есептеледі. Орташа айлық табысты жұмысқа қабілетсіздік күндер санының тиісті коэффициентіне көбейтіп, кейін шыққан сомадан 10 процент зейнетақы жарнасын алып тастайсыз.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға