Жаңалықтар

«Кабинеттен шықпаған». Мәжіліс депутаты Бектеновтің қабілеті туралы айтты

«Кабинеттен шықпаған». Мәжіліс депутаты Бектеновтің қабілеті туралы  айтты
Фото: t.me/mazhilis_kz 06.02.2024 18:00 3933

Мәжіліс депутаты Жұлдыз Сүлейменова куларда су жаңа премьер-министр Олжас Бектеновқа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Журналистер кулуарда депутатқа «Сарапшылар премьер-министр кабинетте отыратын емес, өндіріс саласының адамы болу керектігін және етікпенен жүріп, қызмет көрсететін адам қажет деп жатыр. Бектенов кабинеттен шықпаған адам. Лайықты қызмет көрсете ала ма?» деп сұрады.
Депутат халықтың арасында мұндай пікір барын жоққа шығармады.

Десе де, дәл қазіргі заңның үстемдігін, тәртіп қағидатын орнықтыру үшін және әлеуметтік бағдарламаларға кетіп жатқан қаражатты дер кезінде аяғына дейін жеткізіп, оны талан-таражға салып ұрлатпас үшін жемқорлықтан таза адамның келгені дәл бүгінгі саяси жағдайда қажет деп білемін, – деді депутат.

Сонымен қатар депутат жаңа Үкіметтен есеп беретінін Үкімет формуласын орындалуын күтетінін айтты.

Өйткені біз бұған дейін өздеріңіз білетіндей, ақпаратқа қол жетімділік туралы заңның аясында олар бірнеше түзетулер енгізді. Ескі Үкімет сол кезде біздің депутаттық қызметке немесе парламентке байланысты қандайда бір шектеу нормаларын енгізген болатын. Сол себепті, біз Күшті президент, ықпалды парламент, есеп беретін Үкімет формуласының орындалғанын күтеміз, – деді депутат Жұлдыз Сүйлейменова.

Бұған дейін, депутат Елнұр Бейсенбаев Үкіметтің жұмысы 10 балға татымағанын айтты.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға