Жаңалықтар

Кәукен КЕНЖЕТАЙҰЛЫ: «Атаманның ақыры» – Аймановтың ақырғы фильмi

Шəкеннiң əкесi Кенжетай əншi, күйшi, аңшы адам болыпты. Арабша оқып, хат таныған. Сол өңiрге белгiлi өнерлi азаматтар-ды жинап, той-думан жасағанды ұнатады екен.
31.07.2014 06:27 7057

Бiрiншi шегiнiс

Атақты жердiң бiрi – Баянауыл болса, атақты ердiң бiрi – Шəкен Айманов. Ол табиғаты əсем, өзен-көлге бай, таулы-тасты, ну-орманды жерде туып, өстi. Сабындыкөл, Жасыбай, Торайғыр көлдерiнде шомылды. «Ақбеттау», «Зеңгiртас», «Күркетас», «Серектас», «Найзатас» баурайларында өстi. Бала кезiнен өнерге құштар болды. Кенжетайдың қара шаңырағына келiп əн сала-тын Қалиды, күй шертетiн Ысқақбайды, ертегi, қисса айтатын Дүйсенбай мен Рахметқожаны тыңдаудан бiр жалықпайтын. Өнер десе, iшкен асын жерге қойып, түндi түнге, таңды таңға жалғауға бар едi.

Кәукен КЕНЖЕТАЙҰЛЫ: «Атаманның ақыры» – Аймановтың ақырғы фильмi

Шəкеннiң əкесi Кенжетай əншi, күйшi, аңшы адам болыпты. Арабша оқып, хат таныған. Сол өңiрге белгiлi өнерлi азаматтар-ды жинап, той-думан жасағанды ұнатады екен.

Кенжетай Айманұлының шаңырағында Əбдiкəрiм, Шаһкəрiм, Əбдiрахым атты үш ұл дүниеге келiптi. Келе-келе олар Абдан, Шəкен, Кəукен аталып кеткен. Үшеуi де домбыра тартып, əн са-латын. Əсiресе, жаңағыдай сал-серiлер жиналған той-жиындарда əкесi Кенжетай:

– Шəкен, сен «Екi жирендi», ал Кəукен, сен «Қара торғайды» айт, – деп кеу-кеулеп қояды екен. Сөйтiп, ағайынды үшеуi де əке жолын қуып, домбыра тартып, əн салып, өнер көшiне iлеседi.

 

Кəукен Кенжетайұлы айтады:

– Шəкеннiң өнерге деген қабiлетi, ынтасы бiзден гөрi зор бо-латын. Ол əкемiздiң, болмаса Қалидың бiр айтып берген өлеңiн табанда қағып алатын да, бiзге қайтып айтып беретiн. Қалидың əн айтып отырғандағы бет-əлпетiн, қимыл-қозғалысын айнытпай салатын. Қалидың өзi мұны көрiп қарқ-қарқ күлiп, Шəкеннiң бетiнен сүйiп: «Мынау үлкен əртiс болады» деп отыратын.

...Шəкен еркiнiрек, өжеттеу болып өстi. Оны ауыл-аймақ жақсы көрiп, əн салдырып, тақпақ оқытады, ертегi айтқызады. Жұмысқа бейiмдiлiгi аздау едi, қайда ойын-сауық болса, сонда жүретiн.

Марқұм шешемiз: «Бұзауды бағып кел, болмаса тезек терiп келе қойыңдар» десе, Шəкеннiң не iшi, не басы ауыра қалады.

Анамыз қаттырақ айтса, «Серектастың» басына шығып алып, екi аяқты салбыратып жiберiп, жылайды да отырады.

– Сенiң жұртты қылжақ қылғанда басың ауырмайды, ал жұмысқа келгенде бас та, iш те ауыра қалатыны қалай? – деп апам ренжитiн едi.

Əкемiздiң Аббас деген дəрiгер ағасы болған. Ол Баян ау-данында аса қадiрмендi адам едi. Сол көкемiз атына мiнiп алып, ағайындарды аралап: «Халдерiң қалай, ауру-сырқаудан амансыңдар ма? Бала-шаға аман ба?» деп сұрап жүретiн.

Кейде «Серектастың» басында жылап отырған Шəкендi көрiп, неге жылап отырғанын сұрағанда апам қатты ұялып, Шəкенге қолын сермеп, «тоқтат» дегендей ым жасайды. Сол кезде Əбағаң:

– Жəмке, Жəмке, оған ұрыспаңыз, ұрыспаңыз. Ол тегiн жылап отырған жоқ. Өнер қысып жылап отыр, – деп Шəкендi үйiне алып кетедi.

Шəкен кейiн əртiс болған соң ауыл үлкендерi: «Апыр-ай, Əбағам Шəкендi жасында «өнер қысып жылап отыр» деушi едi, жарықтық бiлiп айтқан екен ғой» деп таңдайларын қағатын.

 

Екiншi шегiнiс

Иə, осындай киелi топырақта туып, тектi елде, өнерлi орта-да өскен Шəкеннiң əншi, əртiс, ақын болмауы мүмкiн емес те едi.

1924 жылы Шəкен Аймановты үлкен ағасы Қажымұрат Се-мейге оқуға алып келедi. Алғашында ол Казкоммунаға түсiп, кейiннен Халық ағарту институтында оқиды. Осы жоғары оқу орнында оқып жүрген кезiнде түрлi көркемөнерпаздар үйiрмелерiне қатысып, домбыра мен мандолина тартып, Жұмат Шаниннiң «Арқалық батыр» пьесасында ойнайды.

1933 жылы Алматыдағы Қазақтың Ұлттық драма театрына ел iшiнде жүрген өнерлi жастарды жинау үшiн Ғабит Мүсiрепов арнайы Семейге барады. Ол «Зарлық» атты спектакльдi көрiп, Шəкеннiң дарынын байқап, оны Алматыға алып кетедi. Мiне, Шəкеннiң кəсiби актерлiк қызметi осылай басталады. Ол те-атр əртiсi бола жүрiп Құрманбек Жандарбеков, Қалибек Қуанышбаев, Серəлі Қожамқұлов, Қанабек Байсейiтов, Елубай Өмiрзақов, Күлəш Байсейiтовалардан тəлiм-тəрбие алады. Оларды өнерде де, өмiрде де ұстаз тұтады. Қазақ театрының қара шаңырағында қызмет еткен алғашқы жылдарында шағын рөлдерден бастап, кейiн басты-басты рөлдерде ойнады. Мə-селен, «Қобыландыда» – Қобыланды, «Ақан Серi – Ақтоты-да» – Ақан, «Қозы Көрпеш – Баян Сұлудағы» – Қодар, «Абайдағы» – Керiм, «Алдаркөседегi» – Алдар, «Асауға – тұсаудағы» – Петруччио, «Отеллодағы» – Отелло сықылды қазақтың жəне шетелдiң классикалық шығармаларындағы күрделi бейнелердi сомдайды.

 

Кəукен Кенжетайұлы айтады:

– Шəкен Шекспирдiң туғанына 400 жыл толу мерекесiне арнайы шақырылып, оның туған елi Англияға барып, Шекспир театрында Отеллоны ойнайды.

Тамаша ағылшын актерi əрi режиссерi Лоуренс Оливьенiң өнерiмен танысады. Ол ойнаған Отелло Шəкенге қатты əсер етедi.

Оливьенiң сұрауы бойынша Шəкен Отеллоның монологын қазақ тiлiнде оқып бередi. Сонда Лоуренс Оливье «Сiздiң тiлде поэзиялық зор қасиет бар екен» деп таң қалады.

 

Үшiншi шегiнiс

 1937 жылы ленинградтық кинорежиссер М. Левин «Аман-гелдi» фильмiн түсiрудi қолға алады. Қазақтың тұңғыш киносы ретiнде саналып жүрген бұл фильмнiң сценарийiн белгiлi жазу-шылар Бейiмбет Майлин мен Ғабит Мүсiрепов бiрлесiп жазады. Фильм түсiрiлiп жатқан «Қарақастек» ауылына Шəкен де келiп, сырттай бақылап, режиссерге киноға түскiсi келетiнiн айтады. Бiрақ рөлдердiң барлығы бөлiнiп, бекiтiлiп қойғандықтан, Шəкенге рөл тимейдi. Бiрақ жас таланттың сағын сындырғысы келмеген режиссер оған Амангелдi сарбаздарының бiрi болуды ұсынады. Шəкен бұл ұсынысты қуана қабылдап, сарбаз рөлiн бар ынты-шынтысымен ойнайды. Шəкеннiң үлкен талпынысын байқаған М. Левин оған алдағы уақытта рөл беретiндiгiн айтып қуантады. Қазiр «Амангелдi» фильмiн көре отырып, қайсысы Шəкен Айманов екенiн тап басып табу қиын. Кино мен театр-да рөлдердiң үлкен-кiшiсi болмайтынын ескерсек, бұл Шəкен Аймановтың кинодағы шағын да болса тұңғыш рөлi едi...

Бұдан кейiн Шəкен Айманов «Абай əндерi», «Жамбыл», «Алдаркөсе» сияқты басқа да фильмдерге түсiп, басты рөлдерде ойнады. Ол өмiрiнiң соңына дейiн əрi көркемдiк жетекшi, əрi режиссер ретiнде 14 көркем суреттi фильм түсiрiптi. Əсiресе, «Бiздiң сүйiктi дəрiгер», «Тақиялы перiште», «Атамекен», «Атаманның ақыры» фильмдерi – көрерменнiң көңiлiнен шыққан туындылар. Кезiнде «Атаманның ақыры» фильмiне Дiнмұхаммед Қонаевтың өзi жоғары баға бере отырып, алдағы уақытта Абай туралы кино түсiру жөнiнде кеңес берiптi. Алайда, Шəкен ағамыз ол туындыны түсiруге үлгере алмады. Мəңгiлiкке асығыс аттанып кеттi...

«Атаманның ақыры» – Аймановтың ақырғы фильмi болып тарихта қалды.

Тобықтай түйiн

Биыл «қазақ киносының атасы» атанған Шəкен Айманов-тың туғанына 90 жыл толды. Мерейтойын атап өтудi туған жерi Баянауыл мамыр айына шегерiп отыр. Күнi кеше ғана Президенттiң мəдениет орталығынан Ш. Аймановтың 90 жылдығына арналған кiтап көрмесi ашылды. Басқа да мəдени iс-шаралар өткiзiлетiнi айқын. Осы ретте Шəкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясының басшылығы оның өзi түскен жəне түсiрген фильмдерiнiң жыл бойына теледидардан көрсетiлуiне мұрындық болса деген ұсыныс айтқымыз келедi.

Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ, «Ағынан жарылсақ»

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға