Жаңалықтар

«КƏСІБИ СЫБЫЗҒЫШЫМЫН» ДЕП КЕУДЕ КЕРГЕН КЕЗІМ ЖОҚ

Талғат МҰҚЫШЕВ, Мəдениет қайраткері, Құрманғазы атындағы ұлттық консерваторияның сыбызғы класының аға оқытушысы:
25.08.2014 10:53 7325

Талғат МҰҚЫШЕВ, Мəдениет қайраткері, Құрманғазы атындағы ұлттық консерваторияның сыбызғы класының аға оқытушысы:

«КƏСІБИ СЫБЫЗҒЫШЫМЫН» ДЕП КЕУДЕ КЕРГЕН КЕЗІМ ЖОҚ

– Сіз қазіргі таңда сыбызғы күйлерін қайта өңдеп, жаң- ғыртып жүрген тұңғыш кəсіби мамансыз. Оған таласымыз жоқ. Бірақ сізге дейінгілер неге аталмайды?

– Сыбызғы – үні жұмсақ, құлаққа жағымды естілетін қазақ халқының ертеден келе жатқан көне аспабы. Барлық музыка- лық зерттеулерде, əдеби еңбектерде, өнертану саласындағы ғылыми жұмыстарда домбыра, қобызбен қатар аталады. Үш- еуі – ошақтың үш бұты секілді. Сондықтан болса керек, Ахмет Жұбанов отызыншы жылдардың ортасына таман Құрманғазы атындағы халық аспаптары оркестрін құрған кезде, Батыс Қазақстан облысында жатқан майталман сыбызғышы Ысқақ Уəлиевті аттай қалап, Алматыға арнайы шақырған көрінеді. Бірақ ол кісі бес-алты жылдан кейін майданға аттанып, қайтып оралмаған. Ұрыс даласында ерлікпен қаза табады. Сол жылдардан бастап сыбызғы өнері кенжелей бастаған. Өйткені сыбызғышы-мамандардың басым бөлігі Отан қорғауға аттанды. Аман келгендерінің шəкірт тəрбиелейтіндей мұршалары бола қоймайды. Жеңіске жеткен соң да Ахмет Жұбанов шығыс өңірінде жатқан Оспанғали Қожабергенов деген ақсақалды оркестрге алдырады. Бірақ ол да жасы келгендіктен, қалада ұзақ тұрақтай алмайды. Үш жылдай дəріс беріп, зейнетке шығып, ауылына қайтып кетеді. Содан кейін біраз жылдар сыбызғы сазы мүлдем ұмытылады. Оның үстіне, Кеңес үкіметінің саясатымен «өнер ұжымдары шетелдік шығармаларды да орындауы тиіс» деген талап бекiтiледi. Оған мүмкіндігі, шамасы жетпейтін аспаптар нашар саналып, қатардан шықты.

Тек 1960-1970 жылдары Болат Сарыбаев қазақтың музыка- лық аспаптарын, орындаушыларын қайтадан түгендейді. Яғни қазақ тарихында дəстүрлі сыбызғышылар бізге дейін болма- ды емес, болды. Бұл жайында Ахмет Жұбанов, музыка зерттеу- шісі Талиға Бекхожина, Абдулхамит Райымбергенов өз еңбектерінде талай мəрте жазды. Бірақ олар дəстүрлі сы- бызғышы болғанымен, ешқайсысында бүгінгі заман талабы- на сай арнаулы диплом жоқ-тын. Тəртіп солай. Қанша жерден мықты болсаң да, дипломсыз ешкім саған консерваториядан класс ашып бермейді. Сыбызғышы ретінде мөр басылған осы құжатқа алғаш қол жеткізген мен екенмін. Консерваториядан ұстаз ретінде бірінші болып класс ашу менің тəлейіме бұйырыпты. Кəсіби маман ретінде менің атым ауызға əуелі ілігетіні сондықтан...

– Сыбызғы класын сізге дейін консерваториядан ешкім ашпаса, сонда сіз дипломды қайдан алдыңыз?

– Сыбызғы мектептерінің қалыптасқан жері – Батыс Қазақстан мен Шығыс Қазақстан өңірі. Өйткені қурай қай жерде өседі, сол жерде сыбызғышылар көп. Себебі сыбызғының дəстүрлі түрі қурайдан жасалады. Мен шығыстың жігітімін. Шығыс Қазақстан сыбызғышылық дəстүрі Алтай-Тарбағатай тауын бойлап Қытай, одан əрі Моңғолия мемлекеттерін қам- тыған. Қытай мен Моңғолиядағы сыбызғышылар мектебі əлі күнге сақталған. Біздің аймақтың сыбызғышылық дəстүрін бертінге дейін Шанақ Ауғанбаев жеткізген. Бала кезімнен үлкен кісілерден сыбызғы күйлерін тыңдап өстім. Жиын-тойларда жиі тартылатын. Мектепте домбыра үйірмесіне қатысып, есейе келе, Семейдегі М.Төлебаев атындағы музыкалық учили- щені бітірдім. Əскерде трамбонда ойнайтынмын. Кейін консерваторияның қыл қобыз класына түстім. Бірақ жаныма ұлттық үрмелі аспап аса жақын болды. Ақырындап титтейімнен естіген əн-күйлерді тартуға машықтандым. Башқұртстанның халық артисі, менің ұстазым Ишмұрат Ильбаков сол уақытта консерваторияда оқитын. Сол кісіден үйренгенім де көп болды. Тəуелсіздік алған жылдары сол кездегі консерваторияның ректоры Дүйсен Қасейінов менің сыбызғыда ойнап жүргенімді көріп, Башқұртстанға оқуға жіберді. «Ол жақта кəсіби маман көп. Сыбызғы – нөмірі бірінші аспап. Мектептен бастап оқытады. Осы аспаппен олар би де билейді. Əнді де айтады. Күйді де тартады. Сен барып, түбегейлі үйреніп кел. Сосын арнайы класс ашып береміз» деп үлкен жүк артты. Сол сеніммен Уфа қаласындағы консерваторияға түсіп, бітіріп шықтым. 1995 жылы қайтып келіп, ұлттық консерватория қабырғасынан тұңғыш кəсіби сыбызғы класын аштық.

– Демек, сыбызғы сазына ел егемендігін алғаннан кейін толыққанды көңіл бөліне бастады ғой...

– Иə. Бірақ ол  кезде  сыбызғыға  мамандық  ретінде қарап, осы класқа түсеміз деп келетін жастар кездеспейтін. Кейін құлақтары, еттері үйренгеннен кейін қызығушылық танытушылар, ынталанушылар шыға бастады. Кейбір домбырадан, қобыздан, басқа да үрмелі аспаптардан бітірген, сыбызғыға икемі бар-ау деген студенттерді ғана өзімізге тарта баста- дық.

– Сонда 15 жыл ішінде қанша маман даярлап шығардыңыз? Шəкірттеріңіздің алды жиырма-отызды құрайтын шығар...

– Жоқ, оншақты бала ғана бітірді. Өйткені екі-үш жылда бір бала келіп түседі. Орын шектеулі. Көп бала алуға мүмкіндік жоқ. Сондықтан жылына бірден-екіден ғана бала қабылданады. Оған кедергілер жетерлік. Оқуға түсудің өз тəртібі бар. Келген бала бірдеңені біліп, ойнап келуі керек. Даладан келіп кіріп кетпейді... Өкініштісі, əлі күнге ауылды қойып, Астанада да сыбызғы үйрететін кластар жоқ. Класс ашатын менің шəкірттерім түрлі оркестр, ансамбльдерден артылатын емес. Оның үстіне, ұстаз болатын жасқа да жете қоймады.

– Үгіт-насихат жүргізіп, сыбызғышылар санын неге көбейтпеске?

– «Кез келген баланы оқыта бермейсің бе?» дейтіндер де табылады. Бала кезімізде əке-шешеміз «Күштеп ашқан көздің нұры болмайды» деп жиі айтатын еді. Негізі, қазақтың өнерін түсінеді-ау деген қазақи тəрбие алған, күйге жақын балалар ғана сыбызғыны меңгеріп кете алады.

Күштеп, тықпалағаныңмен ниеті болмаса, одан не пайда? Өнерді зорлықпен оқытуға болмайды.

– Қазір осы салада қанша маман дəріс береді?

– Жоғарыда айтып өткендей, шəкірттерім ұстаз болатын жасқа жете қойған жоқ. Еділ Құсайынов қосымша үйретіп жүр.

– Ол кісінің дипломы бар ма?

– Ол сазсырнайдан, сыбызғыдан қосымша сабақ береді. Болат Сарыбаевтың көзін көрген, дəстүрлі түрде қабылдап ал- ған. «Отырар сазы» оркестрінде жұмыс істеген азамат. Бірақ сыбызғышы деген дипломы жоқ. Сондықтан класс аша алмады. Мен жалғыз өзім осы жерден асып кете алмаймын.

– Сонда бір кафедрада бір мұғалім жұмыс істей ме?

– Жоқ, біз өз алдымызға бір кафедра ашып, оңаша отау тігіп отырған жоқпыз. Қобыз кафедрасының қарамағына кіретін сыбызғы класымыз. Өз алдыңа бөлек кафедра болмағаннан кейін, негізгі күш қобызға бөлініп, сыбызғы екінші сатыда ескерілетіні анық. Сол себептен Қырғызстан еліндегідей фоль- клорлық аспаптар секциясы болашақта бізде де ашылып жатса, жағдай басқаша болар еді. Оған қол жеткізу оңай шаруа емес. Пəленбай құжат керек. Балалар көбейіп жатса, мүмкін қолға алармыз.

– Сыбызғы оқулықтары жарық көрген бе?

– Оқу бітіріп келіп, класс ашқан соң, ең əуелі сыбызғы күйлерін жинақтадым. Домбырада ойналатын күйлердің шағ- ындауын, халық əндерін, халық композиторларының мұралар- ын сыбызғыға лайықтадым. Кейіннен фортепианоға арналған шығармаларды, кішігірім əлемдік туындыларды, Башқұрт халқының музыкасын қостым. Сүйенетін оқу құралың болмаса,«Жеті атамнан бері сыбызғышы едім» деп айта алмайсың ғой. Қолымда нақты дəйегім болсын деп сыбызғыға арналған күй- лерді топтастырып, «Сыбызғы сазы» деген кітап шығардым. Айтакетерлігі, алғашқыбітіргеншəкірттерімеқарағанда, қазіргі бітірген шəкірттерімнің кəсіби дəрежесі жоғары. Өйткені 10-15 жыл ішінде өзім де тəжірибе жинадым. Көз майымды тауысып оқуға, ізденуге тура келді. Сахнада ысылдым дегендей...

– Қанша күй жинадыңыз?

– Баянөлгейде отыз жыл оркестрде жеке орындаушы ретін- де жұмыс істеп, кейіннен Зайсанға көшіп келген дəстүрлі сыбызғышы Кəлек Құмақайұлы 60-70 күй біледі екен. Өзімді Кəлек Құмақайұлының шəкіртімін деп есептеймін. Батасын алдым. Күйлерімен тəрбиелендім. Сол кісінің репертуарындағы 50 күйін нотаға түсіріп, жеке кітап шығардым. Бұдан бөлек,«Мəңгіліксарын»жобасыбойынша«Ел»продюсерлікорталығы домбыра, қобыз күйлерінің антологиясын ел игілігіне ұсынды. Сыбызғы күйлері де ұмыт қалмай, сол жинаққа елуден аса күй енді. Оған бірнеше күйші қатысты. Қытайға барып, дəстүрлі сыбызғышы Бейілхан Қалиакпарұлынан біраз күйлерін өз орындауында жазып əкелдім. Елбасының тапсырмасымен Мəдениет министрлігі шығарған «Қазақтың дəстүрлі 1000 күйі» аясында 100 сыбызғы күйі жұртшылыққа жол тартты...

– Аз емес пе?

– Бір аспап 100 күй ойнап отырса, жаман емес деп ойлаймын. Кейбір аспапта ол да жоқ. Домбыраның, қобыздың күйлерін лайықтап тартып жүр. Біздің жинақтағанымыз сыбызғының өз бойынан туындаған төл күйлері. Сыбызғыдан туындаған 100 күй жинау – үлкен шаруа. Өзім Башқұрстаннан оқып келгенде оншақты-ақ күй тартатынмын. Оның өзінде жақсы туынды- ларды жаңартып, түп-тамырын сақтай отырып, концерттік деңгейде өзгертуге, өңдеуге тура келді. Мəселен, «Жорға аю» күйі екі-үш адамның орындауында екі-үш нұсқада жеткен. Осындай түбі, негізі бір күйлерді бір-біріне қосып, түрлендіріп, құрастырып, үлкен концерттік бағдарламаға лайықтадым. Туындының мүмкіндігін ашып көрсетуге тырыстым. Тау-тасты аралап, қай жерде қандай сыбызғышы бар, сол кісілердің алдына барып, тартқан күйлерін нотаға түсірдім. Жазғанымның, үйрегенімнің дұрыс-бұрыстығын білу үшін қайта барып, ерінбей-жалықпай тексертіп қайтатынмын.

–  Жөн екен... Домбыра аспабын кез келген жерде сатып алуға болады? Сапасыз жасалса да, сувенир ретінде де самсап тұрады. Ал сыбызғы неге көзге түспейді?

– Сыбызғыжонатыназаматтарбар. Оларбір-бірденжасайды. Музыкалық аспаптар шығарумен айналысатын фирмалардан да көрдім. Бірақ сапасы төмендеу. Өйткені сыбызғы маманының қолынан шықпаған. Сыртқы пішінін ұқсатып жасай салатындар көп. Ондай сыбызғылар өз мүмкіндігін ашып көрсете алмайды. Менің өзім əлі күнге Башқұрстанға тапсырыс беремін. Жақсы шеберлерден алуға тырысамын. Ол жерде сыбызғының түр-түрі толып тұр. Бізде, шынын айтсақ, кəсіби деңгейде сыбызғы жасайтын шеберлер жоқтың қасы. Шеберлер ренжімесін, құлақтарына алтын сырға. Олар жасауын жасайды. Бірақ тілі сақау. Жоғары ноталарды ала алмайды. Ансамбль жүйесіне құлақ күйі келмей қалады, жарамсыз.

–  Өзіңіз талаптанып көрмедіңіз бе?

– Қазір уақыт жағынан мүмкіндігім жоқ. Зейнетке шыққаннан кейін қолға алатын шығармын.

Башқұртстанда жүргенде ағаштан жасаған шеберлердің қасында отырып, көп нəрселерді көрдім. Кəлек аға кезінде өзі қурайдан қалай жасағанын, аталарының ағаштан, жезден қалай ойғанын əңгімелеп берді. Шеберлік дəрістерін жазып алған бейнетаспаларым бар. Қазір өзім аздап балаларға пластмассадан жасап беріп жүрмін.

– Шəкірттеріңіздің ішінде сыбызғыны эстрадаға қосып, насихаттап жүрген ешкім жоқ сияқты...

– Ахмет Жұбанов «Сыбызғы – табиғаттың тылсымы» деп айтып кеткен. Əлі күнге қосымша дыбыстармен былғанбаған, табиғи күйінде жетіп отыр. Дегенмен «эстрадаға қосып, жеке орындаймын» дегендерге қарсы емеспін. Əзірге аты дүрілдеп шыға қойған жеке орындаушы жоқ.

Кезінде өзім келе салып кірісіп кетсем болатын еді. Бірақ мен дəстүрлі жолмен кеттім. Дəріс беруге ден қойдым. Он жыл қатарынан Президенттік оркестрде, Құрманғазы оркес- трінде, Қорғаныс министрлігінің орталық ансамблінде, «Сазген сазында» да солист болып жұмыс істедім. Жыл-он екі ай шетелден қол үзбейтінбіз. Жан-жақты қамтуға уақытым бол- мады. Қуаныш деген оқушым қазір қызығушылығы барын байқатады. Əннің əрлеуіне пайдаланып жүргендер де бар. Ал- ің «өздері онсызда аз ғой» деп еркелігін көтересіз бе, жоқ, ештеңеге қарамай, сынақтан құлатып жіберген уақыттар кездесті ме?

– Егер ол бала талантты болып тұрса, нақты жағдайы болса, кешіріммен қараймын. Кейбір балаларды көтермелеген кезде өзге оқытушылар тарапынан «осыларды сүйрей бересің бе?» деген əңгіме де айтылып қалады. Бір қазақтың баласы базарда арба сүйрегенше, ауылға барып, талай қазақтың баласына қолынан келген өнерін үйретіп отырса, жақсы емес пе?! Кейде өрімдей-өрімдей əдемі жігіттерді базардан көріп, «шіркін- ай, осы балаларды көтерер ме еді?» деп армандап кетемін. Əр қазақтың баласының қалтасында дипломы болса екен деп іштей жаным ашып тұрады. Біреуді аяғынан шалғаннан гөрі, жолы ашылса екен деп тілейтін азаматпын.

– Қурайшылардың арқасы бола ма?

– Шығыс Қазақстанда Шерубай деген ақсақалымыз бар. Шəкірттерінің естелігінше, сыбызғы тартқанда тақиясын алға, артқа, оңға, солға жылжытып, теңселіп отырады екен. Менің ұстазым да арқалы болды. Ишмұрат ұстазым сахнаның ана шетіне, мына шетіне жүріп тартып, «Сахнаға шыққан кезде сыймай кетемін» дейтін. Менің де əуенге елтіп кеткен кезде басымды шайқап, сыбызғыны сызылтатын кездерім бар. Бірақ сыбызғы жүгіріп жүріп, арпаласып ойнайтын аспап емес. Микрафонның алдынан қайда кетесің?

– Тұңғыш кəсіби сыбызғышы екеніңізді жиі елдің есіне салып отыруға тырысасыз ба?

– Басқа жағынан білмеймін, бірақ кəсіби сыбызғышы деген атқа лайық екенім анық. Қазақстан Республикасының мəдениет қайраткерімін. Мен бұл атақты да біреуден сұрап алған жоқпын. Халықаралық Башқұртстанда өткен қурайшылар байқауынан үшінші орын алып келдім. Ол байқауға менен басқа қатысқан əзірге ешкім жоқ.

Кореяда оншақты жыл бұрын халықаралық дəстүрлі үрмелі аспаптардың фестивалі болды. Соны басқарып отырған ұйымдастырушы Хан мырза сыбызғыны көріп, «Мынау не деген ғажап дүние» деп таңғалғаны бар. Он жыл бойы қонақ ретінде шақырып, гастрольге шыққанда өзімен ертіп жүретін.

Əрине, өзіңді-өзің мақтағаннан гөрі, шəкірттеріңнің еңбегің- ді, тəлім-тəрбиемізді айтып, мақтағаны дұрыс болатын шығар. Баяғыда Башқұрстанда бір сыбызғышыны зейнетке  шығар- ып жатса, «қыр-сырын енді түсіне бастап едім» деген екен. Сол сияқты «болдым-толдым» деп айтқан  емеспін.  Шебер- лік жылдар бойғы тəжірибемен келіп жатыр. «Кəсіби сыбыз- ғышымын» деп кеуде керген кезім жоқ. Бірақ менен жақсы тартатын сыбызғышы жоқ екенін жақсы білемін.

Қаншайым Байдәулет, «Тəуелсіздік тудырған таланттар», 2010 жыл.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға