Жаңалықтар

«Көші-қон қызметі бақылауда»

Нұр-Сұлтан қаласы ПД Сыртқы Көші-қон Басқармасының аға инспекторы Айжан Айтғазықызымен сұхбат
«Көші-қон қызметі бақылауда»
23.12.2020 14:17 5249

Көші-қон түйткілді мәселе. Күннен-күнге елімізге заңсыз келіп-кетушілердің саны артып келеді. Бұл жағдай тек мемлекетіміздің саяси ахуалына ғана емес, ішкі қауіпсіздігіне қауіп төндіріп тұрған жоқ па? Елордамыздағы Сыртқы Көші-қон бөлімі қандай жұмыстар атқарып жатыр? Заңсыз келіп-кетушілер қалай жауапқа тартылады? Еңбекші көшіп келушілерге рұқсаттар беру және ұзарту және өзге де сұрақтарға жауап алу мақсатында Нұр-Сұлтан қаласы ПД Сыртқы Көші-қон Басқармасының аға инспекторы, полиция майоры Айжан Рамазановамен әңгімелескен болатынбыз.

«Көші-қон қызметі бақылауда»

Нұр-Сұлтан қаласында 2018 жылдың 12 қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігімен «Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік коорпорациясы» КЕАҚ қол қойылған меморандумға сәйкес республикада алғаш рет Көші-қон қызметі орталығы ашылған болатын.

«Көші-қон қызметі бақылауда»

2020 жылы 15 желтоқсанда «Еңбекші көшіп келушілерге рұқсаттар беру және ұзарту» мемлекеттік қызметін көрсетуді қалалық ХҚКО-на берілуіне байланысты, Көші-қон қызметі орталығы ресми түрде таратылған еді.

Нұр-Сұлтан қаласы ПД Көші-қон қызметі басқармасы мемлекеттік қызметтер көрсетумен және шетел азаматтарының келуін бақылау және заңсыз мигранттарға қарсы күрес жүргізумен айналысады. Бүгінгі таңда Көші-қон қызметі басқармасы, сыртқы көші-қон бөлімі, құжаттандыру және ішкі көші-қонды бақылау, азаматтық және иммиграция бөлімдерінен тұрады. Көші-қон қызметі бөлімшелерінің мемлекеттік қызметтерінің негізгі бөлігі «Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік коорпорациясы» КЕАҚ арқылы көрсетіледі.

«Көші-қон қызметі бақылауда»

– Жыл басынан бері Нұр-Сұлтан қаласы Көші-қон қызметінің бөліністерімен 24 784 шетелдік азаматтары тіркелді. Оның ішінде: ТМД азаматтары – 17 033, алыс шетел азаматтары – 7 751. 2020 жылы барлығы 979 шетелдік әкімшілік жауапкершілікке тартылды. «COVID-19» вирусын таратпау режимінің енгізілуіне байланысты, 2020 жылы көші-қон қызметінің бөліністерімен заңсыз мигранттарды анықтау бойынша жедел алдын алу іс-шаралары жүргізілген жоқ. Көші-қон заңнамасы нормаларының әр түрлі  заң бұзушылықтары үшін жыл басынан бері әкімшілік жауапкершілікке 1973 адам тартылды. Ағымдағы жылдың 16 маусымынан бастап Сарыарқа ауданы бойынша еңбек мигранттарына рұқсат беру бойынша пилоттық жоба басталды. Ал 1 қарашадан бастап мигранттар қалалық ХҚКО арқылы жұмысқа рұқсат алады. Ол үшін ХҚКО-ның ақпараттық жүйелері ІІМ Көші-қон қызметі жүйелерімен біріктіріліп, «бір терезе» шеңберінде бастапқы және дайын құжаттарды беру тәртібі жеңілдетілді. Және де жыл басынан бері 18.418 еңбек патенті беріліп, 9.266 – патент ұзартылды, – деді  Сыртқы Көші-қон Басқармасының аға инспекторы Айжан Рамазанова.

«Көші-қон қызметі бақылауда»

(Суретте: Нұр-Сұлтан қаласы ПД Сыртқы Көші-қон Басқармасының аға инспекторы Айжан Айтғазықызы)

Көші-қон инспекторының айтуынша Сыртқы қөші-қон бөлімі Нұр-Сұлтан қаласына уақытша келетін шетелдіктерге бақылау жасаумен, виза беру, жеке және қызметтік істер бойынша шетелдіктердің келуіне шақыру ресімдеу, еңбекші көшіп келішілерге рұқсат беру және ұзартумен айналысады. Және де аталған бөлімнің қызметіне Қазақстан Республикасында  босқын мәртебесін беру және ұзарту мәселесі де кіреді.

– Қазіргі уақытта «Еңбекші көшіп келушілерге рұқсаттар беру және ұзарту» мемлекеттік қызметін көрсету үшін, қаланың барлық ХҚКО-ларында дактосканерлер орнатылған. Олардың көмгімен КЕАҚ қызметкерлері шетелдік азаматтарды дактилоскопиялауды жүргізіп, заңнама талаптарына сәйкес, Көші-қон қызметі басқармасы, негіздері болған жағдайда ҚР-ға түрлі мақсаттар жеке, оқуға, жұмысқа, емделуге, кетуге және тағы да басқа жағдайлар бойынша келетін шетелдік азаматтарға визалар береді және оны ұзартады. Ағымдағы жылдың 12 айында барлығы - 7718 виза берілді және ұзартылды. Көші-қон қызметінің бөлімшелері патенттер беруге орташа есеппен күн сайын 50-75 өтінімді өңдейді, – дейді полиция майоры.

«Көші-қон қызметі бақылауда»

Жалпы дактилоскопиялық және геномдық тіркеу ақпараттың нақты адамға тиесілі екендігін айқындау үшін жүзеге асырылады. Сондықтан  Қазақстан Республикасының азаматтарын, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды дактилоскопиялық және геномдық тіркеуге байланысты қатынастар арнайы заңмен реттеледі.

«Көші-қон қызметі бақылауда»

Айжан Айтғазықызы көші-қон саласында 15 жылға жуық қызмет атқарып келеді. Бүгінде Көші-қон қызметі басқармасы Сыртқы көші-қон бөлімінің аға инспекторы болып жұмыс істейтін инспекторың қызметіне шетел азаматтарын Қазақстан Республикасында болу құқығына рұқсат беруді, оларға виза беруді, сондай-ақ шетелдіктердің Қазақстанға келуіне шақыру ресімдеуді қамтитын Нұр-Сұлтан қаласындағы шетелдіктердің болуын бақылау болып табылады. Көші-қон инспекторының айтуынша Қазақстанға көп жағдайда бұрынғы КСРО елдері құрамында болған Өзбекстан, Тәжікстан, Ресей, Қырғыз Республикасы және тағы да басқа алыс шет елдерден көптеген азаматтар келеді екен.

«Көші-қон қызметі бақылауда»

– Қазақстан Республикасында көптеген шетелдіктер өз бизнесін ашады. Шетел азаматтарының біздің мемлекетімізге келу мақсаттары әр түрлі. Олардың негізгілері жұмысқа орналасуға, білім алуға, жеке және қызметтік істер бойынша болып табылады. Біз қандай да бір себептермен ҚР заңнамасын бұзатын шетелдіктермен де бетпе-бет кездесіп жұмыс жасаймыз, – деп сөзін қысқа қайырды кейіпкеріміз.

Жері кең байтақ, тәуелсіз мемлекетіміз үшін көші-қон мәселесін ретке келтіру салмақты да сауатты саясатты талап етеді. Сондықтан да аталған маңызды саланың сапында жүрген  қызметкерлердің атқарып жатқан жұмыстарына жеміс тілейміз.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға