Жаңалықтар

Көші-қон саясатының жаңа тұжырымдамасы әзірленді

Құжаттың толық нұсқасымен «Ашық НҚА» сайтында танысуға болады
Көші-қон саясатының жаңа тұжырымдамасы әзірленді
Фото: qazaqtimes.com 06.09.2022 13:40 1865

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстан Республикасының Көші-қон саясатының 2023-2027 жылдарға арналған тұжырымдамасын әзірледі, деп хабарлайды El.kz

Еңбек министрлігінде атап өтілгендей, үздік әлемдік практикаларға негізделген елдің жаңа көші-қон саясаты ұлттық ерекшеліктерге бейімделіп, отандық экономиканың дамуына ықпал етеді.

Ол үшін келесі негізгі міндеттерді шешу қажет:

  • Ел ішіндегі теңгерімсіздіктер мен мемлекеттің халықаралық міндеттемелерін ескере отырып, көшіп келушілердің жекелеген, талап етілетін санатын қазақстандық қоғамға қолайлы интеграциялау мүмкіндігін бере отырып, Қазақстанды білікті кадрларды тарту орталығына айналдыру үшін жағдайлар қалыптастыру;
  • Елден тыс жерлердегі Қазақстан азаматтарының құқықтарын тиімді қорғау жүйесін құру;
  • Жинақталған демографиялық теңгерімсіздікті реттеудің тиімді құралдары мен тетіктерін енгізу. 

Құжатта атап өтілгендей, көші-қон саласындағы мемлекеттік саясат қысқа, орта және ұзақ мерзімді кезеңдерге арналған оқиғаларды дамытудың болжамды сценарийлерін әзірлеу және шешімдер қабылдаудың барынша ашық жүйесін қалыптастыру үшін деректердің үлкен ауқымын өңдеудің қазіргі заманғы ақпараттық жүйелері мен технологияларымен сүйемелденеді.

Айта кетсек, құжатта ұсынылған шаралар шеңберінде тапшы мамандықтар бойынша 500 үздік маман тарту көзделеді.

Құжаттың толық нұсқасымен «Ашық НҚА» сайтында танысуға болады. Онда ол 19 қыркүйекке дейін талқылау үшін орналастырылған.


Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға