Кәрім Мәсімовті қамауға алу мерзімі тағы ұзартылды
20.07.2022 04:56
1555
Кәрім Мәсімов пен оның орынбасары Әнуар Садықұловты қамауда ұстау мерзімі 6 тамызға дейін ұзартылды, деп хабарлайды El.kz.
ҚР ҰҚК баспасөз қызметінің мәліметінше, оның екінші орынбасары Дәулет Ерғожинді қамау мерзімі 13 тамызға дейін ұзарды.
– Мәсімовке, Садықұловқа, Ерғожинге және басқа да тұлғаларға қатысты ҚК-тің 175-бабы, 1-бөлігі, 179-бабы, 3-бөлігі, 218-бап, 3-бөлігінің 3-тармағы, 362-бап, 4-бөлігінің 3-тармағы және 366-баптың 3-бөлігіне сәйкес тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, — делінген хабарламада.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қазақстанда телерадиоарналар жұмысы уақытша тоқтатылады
Келесі жаңалық
ТЖМ құтқарушылары Пионер шыңын бағындырды