Кәрілікпен күресудің женевалық тәсілі
Кәріліктің ең бір ықтимал белгісі, ол – семіздіктен, артық салмақтан бастау алатын көрінеді. Айталық, қарныңызда яғни, ішкі ағзаңызда майдың көп қабатты болуы аса қауіпті. Мұндай жағдай түрлі ауру түрлерін туғызады. Бұл ағзаның әр мүшесінің жұмыс ырғағын тежейді де, кісіні шаршауға, ентігуге, аз қимылдауға алып келеді. Жүрек қан-тамырлары, ұмытшақтық, 2-дәрежелі қант диабеті тәрізді ауру түрлері қозады. Сондықтан, кәрілікті зерттеуші ғалымдар осыдан келіп қарттыққа ерте бой алдырудың бірден-бір белгісі – митохондрий, яғни, ағзадағы майдың мөлшерден тыс артық жиналуы екендігін айтады.
Жалпы, жас ұлғайған сайын адамның өмір дағдысы бұрынғыдай болмайды. Сол себепті, әр жастың өз талабы, талғамы болады. Жастар үшін сексуальды қатынастар маңызды, олар сондықтан да өзінің түр-әлпетін, дене құрылысын сақтауға құлықты. Ал жасы ұлғайған адамдарға жыныстық қатынастар аса маңызды болмаған соң, өз көңілін көтерудің, бір қалыпты ұстаудың басқа жолдарын іздейді. Әдетте олар үшін дәмді тағам жеу өзін-өзі қанағаттандырудың қайнар көзі болып табылады. Демек, аса құнарлы тағамдар жеуге құмарлықтан арылу керек. Тамақтанудың құнарлылығын азайту үшін қант, ақ наннан жасалған өнімдер, тәтті бәліштер, т.б. азайтқан жөн. Ал майлы тамақтан сақтану үшін қаймақ, майонез, шұжық, т.б. аз тұтынған жөн. Әрине, жеміс-жидек, көкөніс, балық өнімдерін пайдалану әлдеқайда пайдалы.
Сондай-ақ, күндізгі қыдырыстар, әлеуметтік өмірге белсенді араласу, дәрігерге қаралып тұру, белсенді еңбек, күнделікті жаттығу, толыққанды ұйқы – қарттықтың ауылын алыстатады. Мүмкіндігінше тәулігіне 9-10 сағат ұйықтау қажет. Ол үшін ерте жатып дағдыланған дұрыс. Әсіресе, түнгі ұйқы маңызды. Сонан кейін түндегі ұйқы, тыныштық үшін ең маңыздысы – жарық болып табылады. Әсіресе, үлкен қалада жасанды жарықтар көп болады. Мұндай жасанды жарықтар адамды күйзеліске, ұйқысыздыққа, онкологиялық ауру түрлеріне ұшырататыны дәлелденген. Жатар кезде пердені жақсылап жабыңыз, мониторлардың экранын, басқа да техникалық жабдықтарды өшіруді ұмытпаңыз. Түнгі шамның қызыл түсті болғаны жөн. Ал дәрігердің рұқсатынсыз дәрі қабылдамаңыз.
Енді өміріңізді ұзартудың женевалық ғалымдар ұсынған 13 тәсілі мынау:
Миға көп салмақ түсірмеңіз, қызанақ жеңіз, үйленіңіз, тұрмысқа шығыңыз, ерте жатыңыз, нан қиқымдарын жеңіз, қоғамдық пікірге көп құлақ аспаңыз, итпен қыдырыңыз, мәмпәси жеңіз, құдайға сеніңіз, тіл үйреніңіз, классикалық музыка тыңдаңыз, күнді көп қабылдаңыз, билеңіз. Тіпті күніне бір бокал қызыл шарап ішкен пайдалы көрінеді.
Әзірлеген: Досжан Мейірім