Жаңалықтар

Күннің ыстығы денсаулыққа кері әсер етуі мүмкін - дәрігер

Күннің ыстығы денсаулыққа кері әсер етуі мүмкін - дәрігер
25.06.2022 05:40 2253

Күннің күрт ысуынан ауруханаға түсетін науқастар жиіледі деген №4 емхананың дәрігерлері күніне 12 адамға дейін ем-дом сұрап келетінін айтады, деп хабарлайды, EL.KZ Алматы телеарнасына сілтеме жасап.

Ал жедел-жәрдем қосалқы стансасының бір бригадасы тәулігіне шамамен 20 шақырту алған.

Күннің ыстығына байланысты көптеген науқасқа кері әсерін беріп жатыр. Былайша айтқанда гипертермия деп айтамыз. Күннің ыстығынан дене қызуы көтеріліп, тек қана денеге ғана емес, сонымен қатар артерия қан қысымы да әсер етеді. Гипертермияға әлсіз адамдар кімдер? Олар балалар және үлкен кісілер қарттар деуге болады, – деді №4 қалалық емхананың невропатолог дәрігері Жазира Мұхамедқалиева.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға