Жаңалықтар

Көне кесенелер құпиясы ( І бөлім)

Оңтүстіктегі қасиетті орындар
Көне кесенелер құпиясы ( І бөлім)
05.11.2021 17:48 14347

Еліміздің оңтүстігінде киелі орындар көп. Олардың қатарына Ақын әулие, Бестораңғыл әулие, Мұңлық моласы, Жақып әулие кесенесі, Баһара шашты дур ана әулие, Бәдір-сәдір бабалар кесенесі жатады.  Осы орайда жоғарыда аталған мәдени мұралардың тарихына тоқталуды жөн санадық.

Көне кесенелер құпиясы ( І бөлім)

  Ақын әулие кесенесі

Ақын әулие кесенесі – Арыс ауданы Ақдала ауылы әкімшілігіне қарасты Ақын-Жақып ауылынан екі шақырымдай солтүстікте, Қожатоғай-Шәуілдір автомобиль жолы бойындағы кабірстанда орналасқан. Жергілікті халықтар екі гектардай ескі корымды «Ақын әулие қабірстаны» деп атайды. 11 х 7 метрлік Ақын әулие басына салынған кесененің 3,5 метрлік қабырғасы күйген қыштан өрілген. Қабырға қалыңдығы – 0,75метр. Кесенеге айналдыра 1,0 метрлік ендікте цемент құйылған. Төбесі қышпен өріліп, күмбезделіп жабылған, сырты ақ түнікемен қапталған. Төбеде бес күмбез, оның төртеуі кіші, ортаңғысы үлкен күмбез. Сағананың айналасы қорым, есігі батысқа қараған. Ішінде жеті қабір, сыртта, есіктен кіреберіс оң капталда бір қабір бар. Сырттағы қабір үстіне қалың ақ шеңгел шыққан. Іштегі қабірлердің орналасуы мына төмендегіше: есіктен кіргендегі сол қапталда екі кіші қабір бар, аты-жөні белгісіз, одан кейінгі кесененің солтүстік қабырғасына іргелес бірі үлкен, екіншісі одан кішілеу екі қабір қатар орналасқан. Үлкені Ақын әулиеге, қасындағы кіші қабір баласы Раманқұлга арналған. Төрдегі нақ ортада орналасқан бесінші қабір Сейдім Мағзұмға, яғни ақын әулиенің немересіне арналған. Сейдім Мағзұм осы кесене мен қорымға кіреберістегі мешітті 1890-1895 жылдары тұрғызған екен. Оң қапталдағы төрдегі алтыншы қабір туралы екі дерек бар. Бірі Төл атты қалфе, екіншісі ақын әулиенің жұбайы, Жетінші қабір кесененің оң қанатында, кесененің батыс қабырғасында орналасқан. Ол – Ақын әулиенің немере келіні Қаныткүл (Елті) шеше, яғни Сейдім Мағзұмның әйелі. Ол кісі 1950 жылы дүние салыпты. Бір әңгімеде ақынның шын аты – Абдулла, болмаса Әбілда, қызметіне байланысты Ахун атанған десе, екінші бір әңгімеде азан шақырып койған аты Сағындық екен делінеді. Ол 1803 жылы дүниеге келген. Қариялар ұлы жүздің Аққойлы атасынан тарайды деседі.

Ақынның Кенесары ханмен кездесуі туралы аңыз

Жастайынан ата-анадан жетім қалған Сағындық Бәйдібек ауданы Сыр жеріне келіп, бір бақуатты кісінің малын бағады. Жоқшылықтың жыртығын жамап, еңбектеніп қаражат жинап Бұхарадағы медрессеге баруды мақсат етеді. Медресені бітірген соң, ұстазы Сағындықты Бұхарада жүрген Сыр елінің Төл деген баласына қосып, ақ батасын беріп жолға шығарып салады. Сыр бойын жағалап, жаяу шарлап, ашығып, жүдеп-жадаған екі бала үлкен ақ орданы жолықтырып, жақындап бас сұғады. Бұл атақты Кенесары ханның отауы екен. Хан оларды көргенде жігіттеріне қудырып тастайды. Әбден таяқ жеген балалар Сырдария суына жуынып, өз-өздеріне келеді. Бұл қорлыққа ызаланаған серігі: Сағындық сені ақын әз деп тегін атамайды. Мынаның жазасын берші, – дейді. Ол үнсіз дәретін алып, екі рәкат намазын оқып, серігімен кете береді. Көп кешікпей ханның малына індет келіп жаппай қырылады. Бұл суық хабар ханға жетіп, он сегіз жасар інісі Наурызбай ашуланып, бес қаруын асынып, із кесіп қуып жетеді. Істің насырға шабарын сезген бала қарсы амалға көшеді. Екпінді дауыл есіп бергенде, батыр атынан ұшып түсіп, ессіз құлайды. Екі бала кете береді. Хабар ханның құлағына тиіп, сенімді адамдарын салып, оларды таптыртып алады. Ақын ессіз жатқан Наурызбайды етегімен желпіп, өзіне келтіреді. Хан тәубасына келіп, оларды конақ етіпті. Ат-шапан айыбын беріп, шығарып салған екен. Халық Ақын қатарына Жақыпты қосып, «Ақын-Жақып әулие» деп атайды. Және «Жақыпқа түне, Ақыннан тіле!» деп өсиеттейді.

Бәдір-сәдір бабалар кесенесі

Арыс өзені жағасында, Темірлан Арыс күре жолы бойында ғажайып үлкен көне қаланың қираған тамтығы бар. Сол жердің терістік құбыла жағында халық зиярат ететін қасиетті орын Бәдірбаба сүйегі жатыр. Жергілікті халықтың бір аңызына қарағанда, Сәдір баба да осы жерде. Ол - Ысқақ бабтың әкесі делінеді. Бәдір ата немесе кей деректердегі Бәдір адам ата мен Сәдір аталар Зенгі атаның замандасы, әрі мұрагері болған, тәлім-тәрбиесін көп көрген деген дерек бар. Сондай-ақ Әмбар ананың мейірбаншылығымен ықыласына бөленген екен.

Баһара шашты дур ана әулие

Баһара IIIашты Дүр ана - Алаштың Алатауы аталған Тәуекел ханның жалғызы, яғни бас батыры Әз Ғараптың анасы. Осы киелі, әулие ананың жерленген жері Арыс қаласынан 20 шақырым жерде, Бөрішек әулиемен қатар жатыр. Босаға шаһарынан 10 шақырым жерде.

Бестораңғыл әулие

Арыс ауданына қарасты Байырқұм ауылынан екі шақырымдай батыста Шардара Арыс автомобиль жолының сол қапталында 200-220 метр жерде орналасқан. Диаметрі 45-50 метр айнала қоршалған биіктігі 0,45-0,50 метр қорганның ішінде ескі қорым бар. Қоршаудың сыртынан 5-6 метр қашыктыкта айналдыра атыз қазылған үлкен коршау, қоршаудың батыс және солтүстік беткейінде бірнеше қара ағаш бар. Қорымның солтүстік-шығысына қалың шетел мен он шакты түп сексеуіл ағашы өскен. Қоршаудың ортасында диаметрі 4,5-5 метрлік кіші қоршау, қоршау ішінде 13 адамның моласы бар. Қоршаудың солтүстік-шығысында қалың шетел арасынан өткен үлкен қоршау шыгысқа қарай созыла түсіп, екі бөлмелі ескі жұртпен жалғасады. Әулиелі мекеннің батысы мен оңтүстігі көкөніс алқабымен, солтүстігі жайылым, солтүстік-шығысы егістік үшін айдалған тегістік арқылы автомобиль жолы бойындағы үлкен арықпен жалғасады. Бестораңғыл киелі орны жалпы көрінісіне келер болсақ, әулиелі орын төңiрегiне қауын егілген. Кірендеші М.Мәметова атындағы орта мектебінің 9-сынып оқушысы Мәди Мырзаханның әңгімесіне қарағанда, жергілікті халықтар осы араны трактормен айдап, етістікке пайдаланбақ болады. Аталған аймаққа трактор келгенде жүрмей, жиі бұзыла береді. Жерге тастаған соқасы сынып, тіні трактор түскен соқаны тарта алмаған. Кейіннен ақсақалдардың айтуымен бұл араның әулиелі жер екенін біліп, адам мен мал аяғы баспау үшін арнайы қоршау жасатқан. Осыдан бастап ел жиналып, ас берген, құрбандық шалып, құран түсіріп отырады екен. Жинастырылған деректерге қарағанда бұл ара Бестораңғыл әулиенің қадам жайы екен. Осында жиі келіп, арнайы бас қосып отыратын орыны да болыпты. Көбіне ел тыныштығы мен бірлігін сақтап, жолаушылар жолына ақ тілек тілейді екен. Жергілікті халықтар осы араға ауырған малдарын әкеліп, әулиелі жайды үш рет айналдырып алу ырымы да кездесіп отырады.

Жақып әулие

Жақып әулие сағанасы Арыс ауданы Ақдала ауыл әкімшілігіне қарасты Ақын-Жақып ауылынан 5,5-6 шақырымдай оңтүстікте, Қожатоғай-Шәуілдір автомобиль жолы бойындағы қабірстанда орналасқан. Шәуілдір бағыты бойынша жолдың оң жақ қапталында, жолдан 20-25 метрдей қашықтықта сырты сыммен қоршалған ескі қорым бар. Осы қорымды жергілікті халықтар «Жақып әулие қорымы» деп атайды. Қоршалған қорым ішіне жантақ, сирек те болса сексеуіл өскен. Қоршаудың шығысы мен солтүстік-шығысы Қажатоғай-Шәуілдір жолымен, қалған бөліктері тоғайлы алқаппен шектеседі. Қорым ішінде жалғыз сағана бар. 5.5 x5 метрлік сағананың 1.80 метрлік қабырғасы негізінен кесектен қаланған. Төрт бұрышымен үстіңгі 34 қатары ғана силикаткен өрілген. Төбесі ашық, сырты құмдалып, әктелген. Айналасы 8.5-9 гектарлық ескі қорым сым темірмен қоршалған. Жақып әулие басына салынған жалғыз сағана бар. 0.40-0,45 метрлік іргетасы цементпен қаланған. Қабырғаларының түйіскен бұрыштары 6 қатар селикат қышпен биіктетілген. Есігі жоқ, оңтүстік кабырғасы ортасындағы есік орны қышпен каланып тасталған. Осы орынға көк мәрмәрға «Жақып әулис» деп жазылған. Арыс өңірінің топтырағы ҝиелі жер. Арқалы ақынға да, жаужүрек батырға да, көреген әулиеге де бұл өңір кенде емес. Соның бірі – Жақып әулие. Сыр елінің бас иіп, мінәжат етер киелі орны болып келеді. Ел арасында «Ақын-Жақып әулие» деп айтады. Екеуінің арасы едәуір жер болса да, халык аузында сақталған ұлағатты кағида бар. «Жақыпқа түне, Ақыннан тіле» дейді. Соған қарағанда Жақып әулие Ақын әулиеге қарағанда әулиелігі басымдау, әрі үлкен болса керек. Ата дәстүріне берік биязы мінезді, тәубашыл халық әулиесін ардақтауды да ұмытпайды. Өкініштісі Жакып Ақынның қай кезде өмір сүргенін және қандай әулиелік қасиеттері болғандығы туралы деректер ел аузында сақталынбаған.

Ахмет Иасауидің Жақып атаға бата беруі

Қожа Ахмет Иасауи Сыр бойын аралауға келгенде Жақып атаға: «Уа, Жақып, мына дариядан калай өтеміз?» – депті. Сонда Жақып ата: «Сізге дариядан өту қиын болып па? Жүре беріңіз!» деп, дуа еткен скен. Әзіреті Сұлтан дарияны кешіп еткен екен. Осы сапарда Сыр бойындағы барлық әулиелерді аралап, қайтарда әлгі судан өткен жеріне келеді. Сол жерде бесін намазын оқиды. Намаз оқып жатқан жайнамаздың бас жағынан кішкене қара құрт шығады. Бұлар намаз оқып біткенше құрт үлкейіп, адам жұтатын дәрежеге жетеді. Сонда Әзіреті Сұлтан намазын аяқтап, Жақып атаға бұрылып қарап: «Уа, Жақып, сен дем сал! — депті. Жақып ата дем салғанда әлгі құрт кішірейіп, бұрынғы қалпына кепті. «Не етейін, құртып жіберейін бе?!» - деп сұрапты Жақып ата, «Қой, сол қалпында қалсын!» деп Әзіреті Сұлтан ш»кәртәне разы болыпты. Тассуаттан өтіп, арғы бетке шыққан соң: «Уа, Жақып, қолыңды жай, сенің енді бұдан былай лакап атңн «Құрт иесі – Қылауыз болсын!» – деп батасын берген екен. Содан бастап Жақып ата қарақұрт, жылан шаққан адамдарды емдейтін болған екен деседі қариялар.

Жекен Шайық әулие

Жекен Шайық кесенесі Арыс қаласынан 1,5 шақырым оңтүстік-шығыстағы Арыс өзенінің тік құлама жар төбесінде орналасқан. Кесененің солтүстік-шығысы мен шығысынан айнала Арыс өзені ағады, батысы мен оңтүстігі қатпарлы төбелер арқылы Алматы-Мәскеу теміржолымен жалғасады. Өзен бойын қалың сәмбі тал мен сексеуіл басқан. Төбедегі күмбезге 14 баспалдақ арқылы көтеріледі. 4 х 4 метрлік кесененің 0,40 метр іргетасы цементтелген. Үш метрлік қабырғасы күйген қыштан өріліп, төбесі күмбезделе жабылған. Ортада 3,0 метрлік, биіктігі 2,0 метрлік күмбез койылған. Төбесі мен күмбез ақ түнікемен жабылған. Шығыс және батыс қабырғаларында 0,30 х 30 метрлік терезе бар. Есігі солтүстік-батысқа қараган кесенені айналдыра 1 метрлік ендікте цемент құйылған. Кесененің ішінде кабір бар. Қабір орнын 3,0 х 1,30 х 110 метр деңгейде күйген қышпен көтеріп, үстіне ақ мата жабылған. Кесене едені цементтеліп, үстіне киіз, көрпеше төселген. Қабырғалары әктелген, төрт қабырға күмбез орнатылған аймаққа дейін айналдыра қышпен өрілген. Күмбез бұрыштары ақ түнікемен капталған, сырт көзге қарағанда төрт жақтамалы жабылған тәрізді көрінеді. Ол туралы ел аузында әңгіме көп. Соның бірі былай дейді: Ол Ұлы жүз Дулаттың Жаныс атасынан тарайтын Қаскарау-Еламан-Ес-Байшүкір тармағына жатады. Өзі ескіше оқыған білімді, көреген, діндар кісі болыпты. Өмірінің соңында жыл сайын сонау Жетісу өлкесінен Арыстан бабқа келіп түнеп, Түркістаннан тілей келеді екен. Осындай жол сапарға алтыншы рет шығып, кайтып бара жатқан жерінде Арыс өзені бойында қайтыс болады. Ол кезде ұзақ сапарға жолға шыққандар өзен бойын жағалап, жан сауғалап жүретін болған.

Жекен Шайық әулиенің кереметін мына бір ел аузындағы аңыздан аңғаруға болады. Өткен ғасырдың басында Арыстан Сібірге карай Түрксіб теміржолы салына бастайды. Теміржол желісі Жекен 1llайык әулиенің мүрдесінің үстінен түседі. Жергілікті тұрғындар патшалы Ресейдің инженерлеріне жол бағытын өзгертіп салулары керек екендігін ескерткенімен, олар кұлақ аспайды. Не керек, теміржолшылар жол төселгеннің ертесіне рельстерінің екі жаққа айырылып жаткандығының куәсі болады. Жолды қайта салғанымен, бұл жәйт қайталануын қоймайды. Теміржол басшылары Мәскеудің шіркеуінен арнайы Поп шақыртады. Діни кітабын ашып, бір ұйғарымға келген ол Жекен Шайық әулиенің мүрдесінің үстіне «Талпақ танаудың етін шышғырады. Сүт пісірім уақыт өткенде жанып жатқан отының түтіні қара қоюланып, Арыс өзеніне жетпей шөгеді. Сол жер бүгінгі Жекен Шайық әулиенің мүрдесінің орыны екен. Арыс өңірінің тарихымен айналысып, қалам тартып жүрген бір топ азаматтар арасында «Жекен Шайық» және «Жекен Саяқ» деп аталатын екі кейіпкер бар. Ол екі кейіпкер бір адам ба, әлде екеуі екі басқа адам ба деген сұраққа жауап таба алмадық. Деректерде Жекен Шайықты әулие десе, Жекен Саяқты батыр деп атайды. Біздің мақсатымыз – әулие-әнбиелер, аңыз-әпсаналар мен батырлар туралы аңыздарды топтастыру болғандықтан Мәдіахмет Аяпұлының Жекен Саяқ туралы мәліметін өзгеріссіз, толық беріп отырмыз.

«Жекен Саяк әулие» деп отырғанымыз - кешегі Кенесары ханды астыртын қолдаған Елші мырза балаларымен, атап айтқанда, Жиенбай, Жиенбет, Мәмбет мырзаларымен және ту ұстаған Толысбай батырмен, І.Есенберлин жазған Мәубек батырлармен және Тайлақ батырдың шөбересі Қазанғап батырмен бірге жүрген есімі Қожаназарұлы Бекайдар батыр. Ол Кенесары ханнан ерекше ерлiгі үшін «Жеке батыр» атағын алған. Мәубек батырмен (І.Есенберлин) туыс, бір әкеден, шешелерi бөлек кісілер 1847 жылдары жау қолынан қаза тапқан. Ұрпақтары қазір Жаңақорған және Келес аудандарында тұрып жатыр. Бскайдар батыр Едіге би әулеті Шон бидің ұрпағы. Ал Қожаназардың скінші әйелінен туған балалары - Бекей, Лақбай, Аташ, Пышан, Жұман, Төлеген. Бұл екінші әйелден туған балалардың ішінен Мәуек батырмен жорықтас Кенесары қолының сарбазы болған Бектай батыр. Бектайдың шын аты Бекайдар. Бекайдар батыр да Мәубек туысы тәрізді «Арғын Темейіл» аталасының қызына үйленген. Бекайдар батыр да кезінде «Жеке батыр» деген Кенесары ханнан қолпаштау естіген бас батырларың бірі. Кенесары хан қырғыз жерінде жеңіліс тапкан соң, Мәубек, Қазанғап, Бекайдар және «Үш еділ» атанған батырлар өз ауыл-аймағымен ығысып Арыс, Бадам жерлеріне келген. Казанғап батыр үш әйелімен ауылын Бадам жағасына қоныстандырады. Ал, Бекайдар батыр өз көшімен жеке кеткен тәрізді. Бекайдар батырдың жаңа үйленген кезі болса керек. Қолында 5-6 жасар баласы мен әйелі Арыс өзенін жағалап келе жатып, оқыстан жасырынған жау қолынан қаза табады. Қойылған мәйіті Арыс стансасына жақын маңдағы «Жекен Саяқ әулиеде». Бекайдар батырмен бауырлас Төлеген батыр, Сарбаз әулеттері казіргі кездері Шиелі бекетінде. Төлегеннен Саржан, Боранбайлар туған. Боранбайдан Жүсіпбек (ІШәуілдір ауданы, Көксарай ауылында). Ал, Саржаннан Жақып, Жақыптан Жүнісбек (1936 ж.) тарайды. Мәубек батырдың қоныстанған жері Қызылорда қаласының маңайы. Қайтыс болған жері де Қызылорда қаласындағы «Тілеу мазар деген әулиеде, Бақай баба да осында жерленген. Құтыш бабаның қорымы Шиеліде». Тағы бір деректе бұл әулие аты «Жекен Саяк» деп аталып, былай дейді: «Арыс қаласының күн шығысындағы «Жекен Саяқ» деген жер аты бар. Жұрт оны ертеден-ақ «Кекен Саяк» деп атаған. Оның тарихы да қызык. Аталған әулие бейітінің жанына «Қалаш» разъезі орналасқан. Қариялардың айтуынша, бұл жер ілгеріде бір ханның кішкене қалашығы болған екен. Бір күні ханның баласы үйленіп, қуаныш құрметіне әкесі қырық күн тойын, отыз күн ойын жасайды. «Той десе қу бас домалайды» демекші, халық ағылып келіп жатады. Той рәсімі бойынша аламан бәйге беріледі. Бірнеше күндік жердегі мәреге қара торы ат бірінші болып келеді. «Ойпырым-ай, ұшкан құспен құйрық тiстескен бұл пырақ қайдан келді» депті отырған атбегілер таңырқап, сұрастыра келсе, тұлпардың иесі белгісіз бір жетім жігіт болып шығады. Сол күннен бастап ол «Жекен Саяқ» аталып кетеді. Күндердің күнінде «Жекен Саяқ» хан қызына ғашық болады. Жолын туып қызға іңкәр сезімін білдіреді. Қыз да оған ғашық екен. Екі жас бірін-бірі көрмесе тұра алмайтын халге жетеді. Бірақ, екеуінің айырмасы жер мен көктей, жігіт әке-шешесі жоқ жетім балса, қыз хан ұрпағы. Қызымен ұрланып кездесіп жүргенін білсе, хан мұны сөз жоқ, дарға асады. Ақыры екеуі уәделесiп, қашуға тәуекел етеді. Оны біреулер сезіп қойып, ханға хабар бергізеді. Қаһарына мінген хан екі ғашыкты өлтірсе де, олардың бір-біріне деген адал сезімін, мөлдір махаббатын сөндіре алмапты. Жігіт өлген қасіретті жерде оның зираты тұр. Дуалы ауызды жетім жігітті халық құрмет тұтып, басына күмбез орнатып, малын сойып әлі күнге әулие санап келеді. Жекен Шайық туралы осы секілді әңгімелер ел аузында көп. Соның ішінде Төрт Құлақ әулиеге байланысты әңгімелер де бар. Оның айтылу желісіне қарағанда, Жекен Шайық әулиенің өмір сүрген дәуiрi әрiге, Төрт құлақ әулиеден бұрынғы кезеңге барады. Төрт құлақ әулие туралы 1069 жылы жазылған Жүсіп Баласағұнидің «Құтадғу білігінде» (Құтты білік) айтылатынын ескерсек, онда Жекен Шайық XI ғасырдан арыда өмір сүрген. Өйткені, ел арасындағы әңгімеде Төрт Құлақ әулие Жекен Шайық әулиенін басына барып, пір тұтқап, мсдст еткен. Әулиенің мүрдесінің басына 1972 жылы Әсілхан молданың демеушілігімен кесене салынады. Басындағы күмбезін Түркістаңда жасайды. Кейіннен жеке кәсіпкер Бауыржан Абылайұлы күмбезін қайта жаңғыртып, кесененің пішінін де басқашалап өзгертеді. Кесененің шырақшы қызметін Жалғас Ақатайқызы атқаруда. 1996 жылдың күзінде Жекен Шайық әулиенің ұрпағымыз деп Алматы облысы, Жамбыл ауданы Шілбастау стансасынан Бекежан Жекенов бастаған бір топ адам келіп кетті. Олар «Парковый» елді мекені тұрғыны Жарылқап қариянын үйінде мал сойып, құран оқытты. Ауыл ақсақалдарының батасын алды. Өсиет – өмірдің ағынымен бірге жүзіп, ауыздан ауылға, құлақтаын құлаққа жетіп, ұрпактардың санасына азық болған. Даналык асыл қазына, Киелі ұлы даламыздың дана перзенттерінің көңілдерінен тамып түскен маржан ойларының мағынасы кұнды. Ашамайлы Керейдің текті ұлы, Созақ көтерілісінде ұраншы атанған, сыпыра шежіреші Әлиасқар Байғұтов қарияның ойында жатталып жеткен ұлағатты өсиеттерді ұғынған әрбір парасатты адамның кеудесінде ізгіліктің есігі айқара ашылары ақиқат. Мылқауды сөйлетіп, соқырды жылататын, адасқанға жол сілтеп, асқақтағанды басатын, бұлқынған өзендей бұл дүниені дауысы алысқа жетер. Асауды тәбесіне келтіріп, момынға жігер берер, талаптыны тауға жетелер тарыққанда азық, алтын қазық атанар өсиеттер әр шаңырақтың көз қуанышына айналары сөзсіз. Әлиасқар Байғұтұлының жазбаларында көптеген тың дүниелер мен бұрын-соңды зерттеушілер еңбегінде кездесе бермейтін мәліметтер кездеседі. Мәселен, Бастаға сөзі кездеседі. Бастаға - Қазақ Тектілерінің бас қосып, жиын өткізіп, шешім қабылдайтын киелі, әулиелер жатқан биік шоқысы. Сайрам-Тараз арасында орналасқан, қазір топырағы цемент зауыты үшін алынып жатқан Түлкібас ауданындағы «Састөбе» биігі, «Босаға шайқасы» 1727 жылы осы маңда болған. Сондықтан сөз болып отырған тақырыптарымызға қатысты қарияның жазбаларын бере отырып, ондағы деректерді зерттеуді келешектің еншісіне қалдырамыз.

Абыз ақсақал Әлиасқар Байғұтұлының жазбаларынан

Бабашыр Ұл Қазақ Арқат Орқай Қызыр Жекен шайық әулиенің Сайрамда оқыған 1600 шәкірті болады. Бұл ұлы әулие 362 шәкірттерін, соның ішінде Қыпшақ атасынан шыққан ілімді оқымыстыларын Каспий теңізі бойындағы Маңғыстаудағы (Маңғыстау) елге Ислам дінінің ілімдері мен қағидаларын және Алты Алаштан шыккан Тектілердің өсиеттері мен ілімдерін, халқымыздың бұлжытпай орындалуға тиісті рәсімдерін үйретуге жібереді. 362 әулиенін үлкені Бекет Хакі бұл ұсынысты қуана қарсы алады. Бекет Хакі мен Шайман Хакі екеуі замандас, әрі өте білімді, қасиетті кісілер болған. Кейінгі замандарда, яғни XVII ғасырда Адайдың Мұғал атасынан шыққан Құсақұл Хорезмде оқып өте білімдар, такуа, болып оралады. Құсақұлға Бекет әулие түсінде келіп: «Батамды, асатаяғымды ал! Оққыранға (оғландыға) бар!» деп, аян береді. Құсақұл алым IIIайман бабаға (Шопан атаға) барады. Акмая түйесі сол жерге келіп шөккенде, қартайып отырған Оқкыранды көріп, сәлем береді. Сонда Ұлы баба: «Пip Бекеттің асатаяғы ана шатқалдың ішінде жатыр, сол таякты алғын, сонан кейін маған шәкірт боласың! Халқыңның қамын ойлайсың!» деп шатқалдың «Жылан тұсар» тұсында жатқанын айтады. Ақ маяға мініп алып Құсақұл үш күн жүреді. Таяқты ала алмайды, себебі таяқ жатқан жер тiк құлама екен. Үшінші күні жолын тауып түсіп, кадалып тұрған жерінен асатаяқты алады. Асатаяқта: «Жер астында болсаң, жыландай өмір сүресің! Жер үстінде болсаң, қырандай өмір сүресің!» - деген жазу болады. Сол кезде Алланың құдіретімен Құсақұлға 362 әулие бата беріп, оған Пір Бекеттің қасиеті қонады. Пір Бекет Хакінің қасиеті қонған Құсақұлдың небір кереметтерін Адай елінен шыққан Кіші жүздер көреді. Өзі ілімді қасиет қонған бұл адамды халық «Бекет Хакі», «Пір Бекет!» – деп атап құрметтеп кетеді. Ал нағыз Пір Бекет Х-ХІІ ғасырда жасаған кісі. Пір Бекет: «Шұлғаушыны жібермейін, жерімізге аяқ баспасын!» —деп кемемен кетіп бара жатқанда қайтыс болады. «Менің мәйітім жатқан жерді жат жұрттықтар аяғы баспасын!» - деген өсиетімен денесін теңізге жерлепті.

Зарлық кесенесі

Қалың қазақ еліне «Мұңлық-Зарлық» дастаны болып жеткен жырдың кейіпкерлері Зарлық пен анасы Қаншайымның қабірі Арыс ауданы Жиделі ауыл әкімшілігінен 4,5-5 шақырым солтүстікте, Арыс-ІШардара автомобиль жолының сол қапталындағы тегістіктегі көне қорымда орналасқан. Қаншайым мен Зарлықтың жер болып, тегістеліп кеткен қабірін алғаш тапқан адам - Асылхан молда. Ол көміліп қалған жерінен жарыққа шығып, ең кемі үш-төрт ғасырлық уақытты басынан өткерген сынатастағы қаншайым ана мен Зарлық есімдері жазылған жазуды оқып, елге түсіндірген кісі. Дүниеде сирек кездесетін, «Қызыл кітапқа» жазылған қасиетті тораңғыл ағашы қалың өскен дарияның бұл тұсы елдің есінде аңыз-жыр түрінде сақталған тарихи деректерге бай. Мысалы, екі күшікпен аралға апарылып тасталған Қаншайымның тұрған жері әлі күнге дария суының ортасында - «Қаншайым аралы» деп аталады. Дастанда айтылатын «ІПөгірлі» тоғай әлі күнгі осы атауға ие. 10 x 7 метрлік кесене қабырғасы қыштан өрілген. Биіктігі 4 метр. Төбесі ашыө, ашық төбеге 7 жерден темір белдемше қойып үстіне екі күмбез орнатқан. Әрқайсысы 12 қырлы, диаметрі 3 метрлік күмбез. Есігі оңтүстікке қараған, оңтүстік және солтүстік қабырғасында 1x1 метрлік терезе бар. Кесене сыртын айналдыра 0,65 метрлік ендікте цемент құйылған. Кесене айналасы ауыт қорымы. Кесенені жергілікті халықтар «Зарлық кесенесі», ал қорымды «Зарлық қорымы» деп атайды. Кесене ішінде бес адамның моласы бар. Есіктен кіргендегі сол қапталдың төрінде екі адамның қабірі бар. Қабір орны тегістеліп, білінер-білінбес төбешікке айналған. Осы қабірге іргелес және екі қабір бар. Қарама-қарсы тұрған екі қабірді 0,75-0,80 метр биіктікте қышпен өріп, сыртын сылаған. Екі аралықтағы 2 метрлік ашық жерге 1,5 х 0,50 x 0,10 метрлік қара мәрмәрға «Мұңлык-Зарлық анасы Ханшайым, әкесі IIIаншархан патша. Дүниеден өткеніне 440 жыл 1996 жылы койылды» деп жазылған. Қарама-қарсы қышпен өрілген қоршаудың солтүстік жақтағысы анасы Каншайымның, оңтүстік жақтағысы Зарлықтың қабірі. Зарлык кесенесінің шырақшысы Қалдыбек Күлембаевтың сөзіне қарағанда, алғашында Зарлық басында үлкен кесене болған. Күтімсіздік пен қараусыз қалғанның салдарынан кесене құлап, оның қыштары шашылған және шашылған және шашылған орында үлкен төбешік пайда болган. 1975 жылдары жергілікті халық жиналып, шашылған қышының жарамдыларын жинастырып, қазіргі үлгіде қайта тұрғызған. Осы игілікті істің ұйымдастырушысы болған ауыл молдасы Асылхан Достайұлы кейіннен шырақшы болып, Зарлықпен Қаншайым ананың етек жанына өзін қоюды аманат етеді. Кесене ішіндегі бесіншісі – сол кісінің қабірі. Қалған екі қабірдегі кімдер екенін ел ұмытқан. Сол моланың шырақшысы «Бұл молаға канша жыл болды?» деген сұраққа: «Біздің әулет, бізге қараған тұқым өмір бақи осы моланың шырақшысымыз. Менің білетінім, менің ата-бабамнан бері санағанда 470 жылдан бері шырақшысы екенбіз. Біз он шақты ұрпақ ауыстық. Әйтеуір біріміз болмасақ біріміз шырақшы болып отырмыз. Мен өз басым «Мұңлық-Зарлыққа» қамқорлық жасау үшін бір емес, екі рет қор аштым. Министрлік пен әкімшілікке де айттым. «Мола басына жырдың сюжетіне орай композициялық кешен жасайық, дедім. Әкімдер: «Өзіміз жасаймыз, өзіміз саламыз», - деді. «Өздерің сала алмайсыңдар, дедім. Сендер кәдімгі цементтен саласыңдар. Онда не ой, не образ болмайды, домбаздап соға саласыңдар. Ең бастысы жырдың табиғатына тереңдеп бойлап, түйсіну керек. Содан кейін барып, кесене салуға кірісу керек. Тіпті бір жігітке композициясын да жасатқан едім. Кесенеден жырдың мазмұны көзге бірден шалынуы керек. Осы оймен Арысқа бардым, Шымкентте сөз сөйлеп, өтініш те айттым. Барлығы «жарайды мен» құтылады. Бұл күні Зарлық ата мен Қаншайым ана кабірі басына келіп зиярат етушілер, құрбандық шалушылар көп.

Әсілхан молда

Халық ағарту ісінің озаты, Қазақстан Республикасы Құрмет грамотасының иегері, зейнеткер-ұстаз, Жиделі елді мекенінің тұрғыны Әпсенов Балқаш Әсілхан молда туралы мына төмендегідей деректерді айтады: Әсілхан молда Достайұлы 1912 жылы сәуір айында Арыс ауданы Төрткүл ауылында қарапайым отбасында дүниеге келген. 1919-25 жылдары білімдар Әбдірахман, Жамаш молдалардан дәріс алып, ілім жолына бет бұрады. Алған білімін тереңдете отырып, «Мұхтасар Уахия Шарх» шығыс ғұламаларының алты кітабын бітіреді. 30-жылдардағы қуғын-сүргін кезінде ілім жолын тоқтатуға мәжбүр болады. Арыс қаласындағы теміржол локомотивінде Шәмшінің әкесі Қалдаяқ екеуі дүкеншілік кызмет атқарады. 1930 жылы Москва қаласында ұйымдастырылған «темір ұстасы» дүкеншілік көрмесінде Қалдаяқ екеуі «Ең үздік ұста» деген марапатқа ие болады. 1938 жылы Арыс қаласынан Ташкенттегі әкери округке шақырылып, әскери борышын өтеуге аттанады. 1941 жылы Ұлы Отан соғысының бастауына байланысты Отан қорғауға аттанады. Украина, Германия, Франция жерлерінде қанды қырғынның бел ортасында болады. Соғысты Владивосток, Жапонияда аяқтап, сегіз жылдан соң елге оралады. Қызыл алаңда өткен әскери шеруде күзетте тұрады. Соғыста көрсеткен ерен ерлігі үшін «Даңқ» ордені және бірнеше медальдармен марапатталады. 1955 жылдан бастап, өмірінің соңғы күні 1987 жылдың 16 наурызына дейін біржола Алла жолына түседі. Әсілхан молда тілмаштықтың жоғарғы сатысына жеткен адам. Ол араб, парсы тілін меңгерген. Сонымен бірге неміс, орыс, татар, өзбек, қырғыз, түрік тілдерін де білген. Әсілхан молда Достайұлы ел-жұртының шежіреге бай тарихи мұрасын терең біліп қана қоймай, артына өшпестей із қалдырған азамат. Сан жылдар бойы тарих қойнауында бұғып жатқан шежіре-дастандар мен әулие-әмбиелердің қасиетті орындары үшін игілікті істер аткарган. Нақтырақ айтқанда, өмірінің соңғы жылдарын қасиетті әулиелі орындарға қамқорлық жасаумен өткерген. Мысалы, Шардара ауданына қарасты «Ұзын ата» әулиенің жарыла бастаған екі күмбезін құрсаулап, жөндеу жұмыстарына қатысса, Жиделі елді мекеніндегі «Зарлык» қорымын қамқорлығына алған. Қорымнан он шақты шақырым дарияның оң жағында орналасқан «Төрткүл әулиесін» қоршатып, тәу ететін орынға айналдырған. Онда Мұңлық-Зарлықтың әкесі Шаншархан жерленген. Арыстағы «Жекен Шайық». Байторғайдағы «Жыланды», «Бала мазар» әулиелерін аяқасты етпей, қоршаулап, басы-қасында болған.

   Қаншайым аралы

Арыс ауданы Байырқұм ауыл әкімшілігіне қарасты Көкжиде мен Байырқұм елді мекендерінің арасында, Сырдария өзенінің ортасында үлкен арал бар. Осы араны жергілікті халық екі күшігімен аралға апарып тасталған Қаншайымның өмірімен байланыстырып, «Қаншайым аралы» деп атайды. Аңызға арқау болып, дастанда айтылатын «Қаншайым аралы» мен «Шөгірлі тоғайын» әлі күнге ел есінде сақтап, құрмет тұтады. Анаға арнап құран бағыштап, аралды киелі орынға балайды. Ұзындығы 6,5 х 7 шақырымдық сүйірленіп келген аралдың ең ұзын ені 750-800 метр болса, қысқа тұсының ені 10-12 метр келеді. Сырдария суы екіге бөлініп, халық тоғайлы аралды қоршай алады. Жиегі құмдауыт, кей тұстары тік жарқабақтанып жатады. Аралдың басталар тұсы сүйірленіп келіп, аяқталар тұсы да сүйірленіп бітеді. Жергілікті халықтардың айтуына қарағанда, Қаншайым аралының шығыс жағында бұрын қылы (өткел) болған екен, яғни суы пз, ені тар өткел болған. Аңызға арқау болған анамыз Қаншайым осы аралда өмір сүріп, аралдан осы қылы арқылы ары-бері өткен екен. Қазақ ауыз әдебиетінің асыл үлгілерінің бірі - «Мұңлық-Зарлык» дастаны оңтүстік өңірінің эпикалык төл дастаны болып табылады. Осы күнге дейін бұл туындының мазмұны «шығыстан ауысқан» деп саналып келді. Шынында, бұл оқиға сюжеті қазақ жерінде, атап айтсақ, қазіргі Арыс ауданына қарасты Жиделі, Байырқұм кеңшары мекенінде өткен. Бұған дәлел Зарық пен анасы Қаншайымның зираты кеңшар орталығынан 6-7 шақырым жерде орналасқан. Ал Мұңлықтың моласы сол жерден 2-3 шақырым жерде жатыр. Сырдария өзенінің орталығында «Қаншайым аралы» деген арал осы күнге дейін бар, «Мүңлық-Зарлық» бейітінен он шақты шақырым дарияның оң жағында орналасқан «Төрткүл әулиесінде» Мұңлыкпен Зарлық әкесі Шаншархан жерленген. Ғайып Ерен Қырық шілтенде осы арадағы Шөгірлі тауында. Екінші бір дәлел, дастандағы оқиғаның сақталуына, ел ішінде мол тарауына көп еңбек сіңірген қиссашыл ақын Жүсіпбек Шайхысламов «Қожатоғай» кеңшарынан шықкан ақын. Жырдың сюжет желісі қазақтың ертегі-аңызымен сарындас келеді. Дастан мaзмұны: «Он сан ноғай ішінде Шаншар ханның алыс әйелі болса да, мирасқор басы жоқ екен. Жасы алпысқа келген хан әулие-әнбиелерді аралап Құдайдан бала тілейді. Түсінде Қызыр Ілияс: «Бір сұлу қызға үйлен, бір ұл, бір қыз көресің» деп аян береді. Хан елдегі жаудыр деген шалдың қызы Қаншайымға үйленіп, туатын айы, күні жақындағанда, «Баланың дауысынан жүрегім жарылып өлемін» деп серіктерімен аң аулауға шығып кетеді. Каншайым бір ұл, бір қыз тапса да, күндестері «Әйелің екі күшік тапты» деп хабар жеткізеді. Хан Қаншайым мен екі күшігін өлтіруге жарлық береді. Жалмауыз кемпір Қаншайым тапқан алтын айдарлы ұл мен күміс айдарлы қызды анасынан бөліп алып, дарияға тастап, суға ағызып жібереді. Екі баланы Ғайып Ерен Қырық Шілтен құтқарып қалып, Шегірлінің тауына апарып, паналатады. Барын уәзір Қаншайымды өлімге кимай, екі күшігімен дарияның жеті қабат бір аралына апарып тастайды. Зарлық аз жылда тез ержетіп, қарындасы Мұңлықты тауда қалдырып, өзі қалмақ ханы Күлмес еліне аттанып, ханды күлдіріп, оның асқан сұлу қызы Құралайды алмақ болады. Бiрақ, сұлуды түн жамылып келген Қарадәу ұрлап қашады. Зарлық алып дәуді жекпе-жекте Күлмес хан берген Күлсары атпен сүйреп әлсіретіп, кейінгі шайқаста пірлерінің көмегімен елтіріп, ханның Құралай сынды сұлу қызына үйленіп, ханның тұлпары Күлсарыны мініп, Мұңлық жатқан Шегірліге келеді. Зарлықтың пірлері оны әкесі ІШаншармен жолығуына көмектеседі. Мұңлықтың талабымен хан Қаншайымды аралдан алдыртады, көп азап пен қиыншылық керген Қаншайым мен балалары өз әкесімен қосылып, мұраттарына жетеді, аяғы 40 күн той болып, ат шаптырадь». Жалпы «Мұрлық-Зарлық» дастаны өзінің мазмұны мен көркемдік сипаттары жағынан айрықша дараланатын құнды шығарма. Ол тарихи шындықты, атап айтсақ, қазақ пен ноғай бөлінбей бірге жасаған дәуірдің көріністерін көркем бейнелейді.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға