Жаңалықтар

Күндіз құрылысшы, кешке театрда актер

Орыс сайттарының бірінде Абдулмамад Бекмамадов және Аджам Чакабоев есімді күндіз құрылыста қара жұмысқа жегіліп, кешке театрға келіп мәдениетке үлкен үлесін қосып жүрген екі кейіпкер туралы жазыпты.
11.06.2014 10:18 4987

Орыс сайттарының бірінде Абдулмамад Бекмамадов және Аджам Чакабоев есімді күндіз құрылыста қара жұмысқа жегіліп, кешке театрға келіп мәдениетке үлкен үлесін қосып жүрген екі кейіпкер туралы жазыпты. Нақтырақ айтсақ, бұл екеуі «Театра.doc» актерлері, Всеволод Лисовский атты режиссердің «Акын-опера» атты қойылымында ойнайды.

Күндіз құрылысшы, кешке театрда актер

Абдулмамад Бекмамадов туралы айтсақ, ол музыкант, 1999 жылдан бері Мәскеу қаласындағы мейрамханаларда, жөндеу жұмыстары, құрылыс нысандарында еңбек етіп келе жатқан жан.

Күндіз құрылысшы, кешке театрда актер

Мен жалпы Памирденмін. Бала күнімнен театрға әуес болдым. Үйірмелерге барып, қойылымдар қойдық. Сосын театр институтына оқуға түсіп, отбасылық жағдайға байланысты аяқсыз қалды. Сосын өзіміз шығармашылық ұжым құрдық. Арасында орыс ұлтының өкілдері де болды. Басында жергілікті клубтарда қойылымдар қойдық, сосын басқа елдерге шыға бастадық. Байқауларға қатысып, алғашқы орындарды жеңіп алдық. Республиканың әр түкпіріне гастрольдік сапармен бардық.  

Уақыт өте 15 адамнан құралған үлкен шығармашылық топ құрдық. Ән салдық, ұлттық билерге биледік. Рубаб, дойра сияқты халықтық аспаптарда ойнадық. Мен кез келген аспапты өз бетімше үйреніп, ойнай беремін. Өзбекстан, Қырғызстан елдеріне де бардық. Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін мемлекеттік театрларда жағдай күрт төмендеп кетті. Тек гастрольмен ғана күнелтіп жүрдік. Оның үстіне халық арасында эстрада кеңінен тарап, біз ешкімге керек болмай қалдық. Біздікі тек ұлттық дәстүрге негізделген шығармашылық болатын.

Тәжікстандағы ең соңғы қойылымымыз 1999 жылы болатын. Біздің шығармашылық топ фестивальге қатысып, сол күйі елге оралған жоқпын. Бірден Мәскеуге тарттым. Мен үйден кеткен кезде кіші баламның дүниеге келгеніне небәрі үш күн болған еді.

Аспаптарымды өзіммен бірге алып келдім, бірақ оның қажеті шамалы болды. Өзім үшін ойнайын десем, көршілерім мүмкіндік бермеді. Содан бес жыл бойы қолыма аспап ұстап көрмедім.

Уақыт өте орыстардың арасынан шығармашылыққа жақын достар таптым. Олар маған ақша төлемесе де өзім үшін ойнайтын орын тауып берді.

2009 жылы өнерге қайта оралдым. «Крыша мира» атты фестивальге қатысып, елдің көзіне түстік. Сол жерде менің жерлестерім кезігім, байланыста болуға шақырды. Бір жыл өткен соң бізбен жолығып, топты қайта жандандыруға тырысты. Ұжым жақсы болды, аспаптар да жеткілікті, бірақ дайындалып, еркін көсілетін орын болмады. Пәтердегі дайындық ешқандай септігін тигізбеді. Сонда әлгі жерлесім «Театр.doc» деген жер бар, бірақ сахнасы тар!» деді. Ал бізге ең бастысы лайықты орын қажет еді.

Сол театрда Всеволод Лисовский есімді режиссермен жолығып, бізге апта сайын осында келіп дайындық жүргізіп, өз өміріміз туралы айтып беруді сұрады. Біз апта сайын келдік, театрдың іші тар болса да көрермен өте көп болды. Біздің тыңдармандарымыз табылып, тіпті гүл әкелетін жағдайға жеттік.

Қиын кездер өтті. Қазір барлығы да жақсы. Қуанышты әндердің шығуына да осы себеп болды. Бір мәрте вокзалда екі аптадай жүрдім. Барар жер, басар тауым болмады. Вокзалда кейінірек бір жерлесімді кезіктіріп, соның үйіне екі күн қонып, өзімді ретке келтірдім. Сосын жұмысқа орналасып, адам болып кеттік. Мұндай жағдай кез келген мигранттың басынан өтетіні белгілі.

Содан құрылысқа жұмыс іздеп бардым. Ол жерден ештеңе шықпаған соң түріктердің құрылыс компаниясына кірдім. Олар орысша да, тәжікше де түсінбейді. Сол жерде сантехник, электрші болып жүрген жігіттермен достасып, олардың кәсібін де меңгеріп алдым. Әлі күнге дейін ол кәсіп менің пайдама жарап келеді.

Қазір қара жұмыстан шаршап шықсам да театрға барамын. Барлық шаршағанымды сол жерде басамын.

Өткен жылы үйіме барып келдім. Он ай бала-шағамның қасында болдым. Жиған тергенімді бердім.

Елге жиі барып тұрамын. Негізгі тұрағым Мәскеу. Кіші қызым институтта оқиды, үлкен қызым тұрмысқа шықты. Күйеубалам екеуі де жұмыс істейді. Үш күн ғана көрген ұлым да өсіп қапты. Спортқа бейім екен.

Менің қазір елде екі ағам бар.  Олар Душанбеде тұрады. Негізі алтаумыз, бір ағам соғыста хабарсыз кетті. Бір інім Мәскеуке кеткен. Бір інім елде мәдениет үйін басқарады. Барлығы қазір маған үміт артады.

Ресейде мен жүрген кедеймін, ал елге барсам ауқатты адаммын. Мына жақта жинаған қаржым ол жақта барлығына жетеді. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға