Жаңалықтар

«Көктөбеде» қысқаметражды фильмдер фестивалі өтеді

Байқауда бақ сынаңыз!
17.08.2016 10:07 3528

     «Көктөбеде» қысқаметражды фильмдер фестивалі өтеді

17-18 қыркүйек күндері Алматыда «Байқоңыр» атты алғашқы республикалық қысқаметражды фильмдер фестивалі өтеді. Бұл шарада отандық кинодағы жаңа есімдер таныстырылады. Сондай-ақ, бұл – жас режиссерлер үшін жаңа мүмкіндік.

«Бродвей» кинопорталы ұйымдастырғалы отырған фестивальде байқауда және байқаудан тыс бағдарламаларға қатысатын фильмдер көрсетілмек. Олар 2015 және 2016 жылдары түсірілген деректі, анимациялық және көркем фильмдер болуы тиіс. Қатысушылардың онлайн-өтініштері 1 тамыздан 5 қыркүйекке дейін қабылданады. Бір ескерерлігі, режиссерлердің жасына қойылатын шектеу бар (тек 29 жасқа дейін).

Қазылар алқасының құрамында режиссер, сценарист Рашид Нұғыманов, режиссер, сценарист Әділхан Ержанов, кинотанушы Гүлнар Әбікеева, киносыншы Төлеген Байтүкенов, «Eurasia Spotlight» директоры Ильяс Ахмет, продюсер Сабина Күзембаева және оператор Азамат Дулатов бар.  

«Көктөбеде» қысқаметражды фильмдер фестивалі өтеді

Фестиваль қорытындысында жеңімпаздарға жүлделер мына аталымдар бойынша беріледі:

–       Бас жүлде;

–       Ең үздік фильм;

–       Ең үздік режиссер;

–       Ең үздік оператор;

–       Ең үздік сценарий;

–       Ең үздік эксперименттік фильм;

–       Ең үздік деректі фильм;

–       Ең үздік анимациялық фильм;

–       «Бродвей» таңдауы;

–       Арнайы жүлде.

Бас жүлдені алған туынды ХІІ «Еуразия» халықаралық кинофестивалі байқауының бағдарламасына қатысады.


Әзірлеген – Жансая ТӨЛЕГЕН

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға