Жаңалықтар

Көкшетауда «Шашу» салтын ұйымдастырып, шешен-инғұш қоғамының төрағасын мерейтоймен құттықтады

Көкшетауда «Шашу» салтын ұйымдастырып, шешен-инғұш қоғамының төрағасын мерейтоймен құттықтады
06.03.2019 10:19 3236

Көкшетау қаласының Достық үйінде Ақмола облысы әкімінің орынбасары Айна Мысырәлімованың қатысуымен Алғыс айту күніне арналған салтанатты іс-шара өтті.

Оның алдында облыстық ассамблея жанындағы Аналар кеңесінің төрайымы Зере Қиықова мен кеңес мүшесі Қайниса Қайридденова «Шашу» салтын өткізді.

Араларында Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының мүшелері, мемлекеттік органдардың, облыстың этномәдени бірлестіктерінің, «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының  басшылары мен өкілдері, Көкшетау қаласының студент жастары бар шара қатысушыларымен сәлемдесе отырып, Айна Ермекқызы барша жиналған қауымды Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күні аталып өтілетін мерекемен құттықтады. Өз сөзінде ол Ақмола ассамблеясында Алғыс айту күніне орай өткізілетін қайырымдылық акциялары мен іс-шаралары туралы айтты.

Ақмола облыстық «Вайнах» шешен-инғұш қоғамының төрағасы, облыстық ассамблея төрағасының орынбасары Герихан Яндиевтің 60 жылдық мерейтойына орай Айна Ермекқызы той иесіне Ақмола облысы әкімінің құттықтау хатын және естелік сыйлықты табыс етті.

Облыстық ассамблея мүшесі, Ақмола облыстық мәслихатының депутаты, Чуваш этномәдени орталығының төрайымы Елена Мащинская, Ақмола облыстық «Вайнах» шешен-инғұш қоғамының төрағасы Герихан Яндиев, ауыр сырқаттан емделіп шыққан қыздың анасы Айнагүл Бейсенова, оқыс жағдайдан құтқарылған баланың анасы Татьяна Ертушева, Көкшетау қаласындағы психикалық дамуы тежелген және зияткерлік бұзылыстары бар балаларға арналған №1 облыстық арнайы түзету мектеп-интернатының директоры Ольга Бурдинскаяның сөйлеген сөздерінде Қазақстанда тұратын этностардың жалпыұлттық бірлігін нығайту бойынша жүргізіліп жатқан саясаты үшін Елбасына және қиын өмірлік жағдайда жер аударылған халыққа көмек көрсеткен қазақ халқына алғыс сөздері айтылды.

Дәл осы күні Ақмола ассамблеясының бастамасымен білім беру мекемелерінде, мемлекеттік органдарда, Көкшетау қаласының әртүрлі ұйымдары мен кәсіпорындарында өтетін «Біз сіздердің ізгі істеріңіз үшін жүректе алғыс сақтаймыз» акциясы бастау алды. Акция-эстафетаның алғашқы қатысушылары этномәдени бірлестіктердің жетекшілері болды, олар жеті баланы тәрбиелеп отырған көп балалы ана Эльмира Әбіловаға материалдық көмек көрсетті.

Іс-шара барысында Достық үйі шығармашылық ұжымдарының қатысуымен мерекелік конерт ұйымдастырылып, «Менің Қазақстаным» бейнефильмінің көрсетілімі өтті.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗДАР: 

КӨКШЕТАУДА ОТБАСЫЛАР АРАСЫНДА ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ БАЙҚАУ ӨТТІ

КӨКШЕТАУДА ОТБАСЫЛЫҚ ЖӘНЕ ГЕНДЕРЛІК САЯСАТТЫҢ КОНЦЕПЦИЯСЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ҚАРАСТЫРЫЛДЫ

КӨКШЕТАУДА ДЕПОРТАЦИЯНЫ БАСЫНАН КЕШІРГЕН НЕМІСТЕР ЖАЙЛЫ ДЕРЕКТІ ФИЛЬМНІҢ КӨРСЕТІЛІМІ ӨТТІ

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға