Жаңалықтар

Көкшетауда халық билерінің фестивалі өтті

Көкшетауда халық билерінің фестивалі өтті
26.02.2019 06:06 3685

Көкшетау қаласындағы Достық үйінде «Қоғамдық келісім» КММ шығармашылық ұжымдарының қатысуымен өткен «Халықтық билер калейдоскобы» фестивалі үлкен мерекеге ұласты.

Ұжымдардың кәсіби өнер көрсетулерінің арқасында барлық қонақтар алыс елдерге саяхат жасағандай әсер алды. Тәжік биі көркем табиғаты бар қонақжай ел туралы «баяндады».

«Полонез», «Мазур», «Коломайки» поляк билерін тамашалай отырып, көрермен қауым орта ғасырларға тап болғандай күй кешті. Бидің бөлінбес бөлшегі саналатын желдеткіш арқылы жиналған жұрт таңғы самал елінде болып қайтты.

Ал жалынды әрі ырғақты инғұш билері көпшілікті солтүстік Кавказ тауларынан бірақ шығарды.

«Поляне», «Этно» және «Мөлдір» би топтарының жас бишілері көрермендердің ерекше ықыласына бөленді.

Сонымен қатар, ең жас бишілердің орындауындағы «Царевны» және «ДО-РЕ-МИ» билері және еврей, чуваш, әзірбайжан билері де көрермендердің есінде қалды.

«Бидің адам бойына сыйлайтын таңқаларлық қуаныш сезімін, өмірге деген құштарлық және сүйспеншілік сезімін сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Бақытқа апарар қысқа жолдар бар, би – солардың бірі», - деген бір данышпанның бидің күші туралы сөзі бекер айтылмаса керек.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға