Жаңалықтар

Көкшетауда I Қазақ мәдениетінің фестивалі өтті

Көкшетауда I Қазақ мәдениетінің фестивалі өтті
04.06.2019 16:55 4565

Ақмола облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы «Қазақ тілі мен мәдениеті» ҚБ-мен бірлесіп Көкшетаудағы Достық үйінің алаңында «Ғасырлар мұрасын сақтап, көбейтеміз» атты Қазақ мәдениетінің фестивалі мерекелік іс-шарасын өткізді.

 DSC_0285.JPG

Ұйымдастырушылардың ақпаратына сәйкес, фестиваль алғаш рет өткізіліп отыр. Оған қоса өзге мәдениет фестивальдерін өткізуге мұрындық болды. 

DSC_0182.JPG

Ыстық бауырсақтың иісі, жүргіншілер жолы бойындағы қолданба өнерінің көрмесі, ұлттық әбзелдермен көмкерілген киіз үй, ұлттық мәнердегі ауа толтырылған қуыршақтар, көзге түсетін бүркіт бірден қала тұрғындарының назарын өзіне аударды. Бұдан бөлек әркім тоғызқұмалақ пен асық ату ойындарында бақ сынауға мүмкіндік алды.

DSC_0051.JPG

Достық үйінің кіреберіс баспалдағында қонақтарды «Көкшетау», «Он алты қыз» халықтық би ансамблдері, сондай-ақ ақын Мұхаммед Қоңқаев қарсы алды. 

DSC_0073.JPG

Әрбір мейманды төрт этноауыл қабылдап, онда қазақ ұлттық жөн-жоралғысы, әндер, сәндік қолданба өнері шеберлерінің көрмесі мен шеберлік сыныптары ұсынылды. 

DSC_0245.JPG

Ал фольклор, домбыра, халықтық аспаптар ансамблдері орындауындағы әуезді ән қазақ ұлттық музыка әлеміне терең үңілуге, жан дүниемен сезінуге көмектесті.

DSC_0154.JPG

Фестивальдің бас сахнасында облыс орталығының және аудандық мәдениет бөлімдерінің өнер ұжымдары дайындаған мерекелік концерттік бағдарлама көрермендер назарына ұсынылды. 

DSC_0209.JPG


Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі Ғазиза Жұмекенова Халықаралық байқаулардың лауреаты атанған Үкілі Ыбырай атындағы облыстық филармонияның «Айнакөл» фольклор ансамблінің сүйемелдеуімен «Көкшетау Кестелері» әнін орындады.

DSC_0197.JPG

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға