Жаңалықтар

Көкшетау мемлекеттік университетінің студенттері Достық үйінде болды

Көкшетау мемлекеттік университетінің студенттері Достық үйінде болды
10.12.2019 20:25 1953

Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің жалпы тарих және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасы мен Ақмола облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы бірлесіп Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай «Ел бірлігі-біздің ең құнды игілігіміз» атты диалогтық алаңын ұйымдастырды.

Дөңгелек үстел басында студенттер, ғалымдар, ҚХА қызметкерлері бас қосып, Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу тарихы, ҚР Тұңғыш Президентінің Қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің қазақстандық моделін қалыптастырудағы рөлі туралы сөз қозғады.

Көкшетау мемлекеттік университетінің студенттері Достық үйінде болды

ҚХА ғылыми-сараптамалық тобының төрағасы А. Қапышев, студенттер Думан Қабылжан, Аслан Абуталибов, Александра Овсянникова және тағы басқалары Н. Ә. Назарбаевтың дана саясатының арқасында қазақстандықтар болашаққа ұмтылған біртұтас, ұйымшыл халыққа біріге білгендігін, Қазақстанның әлемнің дамыған елдерінің қатарына тезірек енуі бойынша Елбасының қойған жоспарларын жүзеге асыруға ұмтылатындықтарын тілге тиек етті.

Іс-шара Достық үйіне экскурсия жасаумен аяқталды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға